«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы Теңгерімдер және қысқа мерзімді жоспарлау қызметі нақты балансты қалыптастыру тобының инженері (сыртқы конкурс)
Лауазымдық міндеттері:
1) электр энергиясының жиынтық нақты теңгерімдері бойынша деректер базасын қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасы бойынша аймақтар мен энергия тораптарын бөліп көрсете отырып, электр энергиясын тұтыну, өндіру және ағындары бойынша электр энергиясының теңгерімін жасайды;
3) электр энергиясының импорты/экспорты бойынша деректер базасын қалыптастырады;
4) ай қорытындысы бойынша дашбордта көрсету үшін нақты теңгерім жөніндегі анықтаманы дайындайды;
5) КПД бойынша деректерді SAP бағдарламасына енгізеді (ай сайын);
6) Қазақстан облыстары бойынша ірі тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, электр энергиясын тұтыну динамикасын дайындайды;
7) қызмет құзыретіне кіретін филиал басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
Жоғары білім: электроэнергетика/бейінді электроэнергетикалық/ жылуэнергетика
Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде білу;
- командада жұмыс істеу дағдылары, коммуникабельділік;
- кәсібилік (адал және ұқыпты жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, өзіне жүктелген еңбек міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау);
- MS Office бағдарламаларын тәжірибелі деңгейде пайдалану;
- құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түсетін мемлекеттік тілдегі ақпаратты құжаттың мәні мен негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдау, бұл өз лауазымдық міндеттерін орындауға жеткілікті болуы тиіс.
Қажетті қабілеттер
- электроэнергика
Ұқсас вакансиялар