«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Қарағанды-Сортировочная филиалының атқыштар командасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі 1-санатты маманы

397 545 - 411 524
Карагандинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
76

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Негізгі құралдарға шаруашылық қызмет көрсетуді және пайдалануды, филиал бөлімшесінің өндірістік санитария, электр қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес тиісті жағдайда ұстауды бақылауды қамтамасыз етуге;
  • филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің автокөлігін уақтылы сақтандыруды және техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыруға;
  • Ережеге және Серіктестіктің бекітілген жылдық сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды жинау және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
  • бөлімшелердің автокөлігін қажетті бензин мөлшерімен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, бекітілген жүріс нормалары негізінде уақтылы есептен шығаруды есепке алу мен бақылауды жүргізуге;
  • бөлімшелердің шаруашылық мақсаттары үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылауға;
  • филиалдың алдағы жылға арналған индикативтік жоспарын әзірлеуге және оны ағымдағы жылға түзетуге қатысуға;
  • энергия ресурстарының (бензиннің, қатты отынның, электр энергиясының) ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • Талап етілмеген өтімді және өтімді емес ТМҚ деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар мен оңтайландыру жоспарларын орындау;
  • орындалған жұмыстардың актілерін және филиалдың мердігерлік ұйымдары көрсеткен қызметтер үшін шот-фактураларды уақтылы жинау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге; бөлімшелердің теңгеріміндегі және өзінің есебіндегі негізгі құралдарды түгендеу және есептен шығару жөніндегі филиал комиссиясының құрамына қатысуға құқығы бар.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе
  • жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Логистика; Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит
  • Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр