"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" Шу машиналандырылған жол дистанциясы филиалы директорының орынбасары

Жалақы көрсетілмеген
Шуская машинизированная дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
16

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • Компания мен Дирекцияның жергілікті актілеріне сәйкес поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы негізгі нормативтерді орындайды;
  • арнайы жылжымалы құрамның техникалық жай-күйіне, жұмыс уақыты режимін ұйымдастыруға және жоспарлауға, арнайы жылжымалы құрамды пайдалануда анықталған кемшіліктерді жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға бақылау жүргізеді;
  • жол машиналарын қолдана отырып, темір жолды жөндеу және сауықтыру жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, жол техникасын жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің белгіленген көлемін бақылауды жүргізеді;
  • шағын механизация құралдарының, станок паркі мен жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылауды, оларды пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды ұйымдастырады;
  • пойыздардың қозғалысына байланысты жұмыскерлердің білімін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды белгіленген тәртіппен бақылауды, тексеруді жүргізеді;
  • қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі перспективалық жоспарлар мен жобаларға талдау жүргізу бойынша қатысады;
  • авариясыз жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру туралы есеппен қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі мәселелері бойынша кеңейтілген (тораптық) кеңестерге қатысады;
  • қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша жедел талдаулар жүргізуге қатысады, материалдардың дайындалуын бақылайды және белгіленген тәртіппен қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша талдауларға қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі:  жоғары (немесе магистратурадан кейінгі).
  • Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көлік тоннелдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары).
  • Тәжірибе:  Міндетті түрде: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр