"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Петропавл АЭТ Механизация және көлік өндірістік тобының механигі
Біліктілік талаптары
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Білім бейіні |
Техникалық |
|
Жұмыс тәжірибесі (бейінді) |
|
|
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, жыл |
3 жыл
|
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
|
Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар |
· Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары; · Құралдармен және құрылғылармен жұмыс істеу қағидаларын білу; · Нормативтік құқықтық және өзге де құжаттардың талаптарын енгізу дағдылары; · Нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары; · Іскерлік хат алмасу дағдылары; · Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жинақтау); · Жұмыс процесін жоспарлау және оңтайлы ұйымдастыру; · Сыни ойлау қабілеті; · Уақытты және бағынысты қызметкерлерді тиімді басқару; · Стратегиялық және шығармашылық ойлау қабілеті; · Коммуникативтік дағдылар; · Тыңдай білу және білікті кеңес беру қабілеті; · Жылдам үйрену қабілеті; · Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу. · Электр қауіпсіздігі бойынша III топ;
|
|
Лицензиялар, сертификаттар |
· Қадағаланатын мәселелер саласында сертификаттардың болғаны құпталады. |
|
Қосымша талаптар |
· ДК-нің тәжірибелі пайдаланушысы (MS Office: Word, Excel, Access, PowerPoint); · Қазақ және орыс тілдерін білу. |
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- жүргізушілерге жол парақтарын береді және қабылдайды;
- автокөліктердің желіге шығар алдындағы техникалық жай-күйін тексереді;
- автокөлік техникасына қатысты техникалық құжаттаманы жүргізеді;
- жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жылдық жоспарлауға арналған бастапқы құжаттаманы жасайды және Филиалдың механикаландыру және көлік цехына тапсырады;
- автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;
- ПАЭТ автокөліктерінің тоқсандық және жылдық техникалық байқауларын ұйымдастырады;
- жанар-жағармай материалдарын жеткізуді және бөлуді қамтамасыз етеді;
- АЭТ жүк көтергіш механизмдерін ішінара және толық куәландыруға қатысады;
- жөндеу, техникалық қызмет көрсету және жанар-жағармай материалдарының шығысы бойынша ай сайынғы есептерді Филиалдың механикаландыру және көлік цехына ұсынады;
- Филиал қоймасынан материалдар мен қосалқы бөлшектерді алады және ПАЭТ механикаландыру және көлік өндірістік тобының қоймасына жеткізеді;
- ПАЭТ автотрактор техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін ТМҚ-ды есепке алу мен есептен шығаруды жүргізеді;
- нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес персоналмен жұмыс жүргізеді;
- еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды уақтылы қайта қарауды және өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
- бағынысты персоналдың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, «KEGOC» АҚ, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының, Филиалдың талаптарына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтар мен ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;
- SAP бағдарламасында ақау актілерін енгізу және материалдарды есептен шығару жұмыстарын жүргізеді;
- SAP бағдарламасында іссапар шығындарын енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)