Негізгі менеджер Карточкалық жүйе әкімшілігі бөлімінің

«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
57

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «Way4» бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданбалы және техникалық әкімшілендіру; Берілген техникалық тапсырмаларға сәйкес есептер әзірлеу; Бөлім бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру; «Way4» бағдарламалық қамтамасыз етудің интерфейс формаларын редакциялау; «Way4» бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуімен байланысты жұмыстарды орындау;
    - Төлем карталарын пайдалану арқылы қызметтерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс топтарына қатысу; Карточкалық бизнес-процестерді оңтайландыру шараларына қатысу; Бөлімнің қызметі бойынша Қоғамның бөлімшелеріне түсіндіру және консультациялар беру;
    - Карточкалық технологиялар саласында жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу;
    - Карточкалық бизнесті дамыту шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу; Техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу, сондай-ақ әзірленген тапсырмаларды тәжірибелік пайдалануға енгізу және оларды пайдалануға беру;
    - Карточкалық бизнесті әзірлеу, пайдалану және дамыту саласындағы озық тәжірибені зерттеу;
    - Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс процестерін автоматтандыру, оларды қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау; Төлем карталары арқылы қызметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің (әрі қарай – ЕДБ) деңгейіне жету; Карточкалық бизнесті дамыту бойынша қызметтер, өнімдер және жобаларды іске асыруға қатысу;
    - Қоғамның Клиенттерінің сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем карталары арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін қолдау;
    - Халықаралық төлем жүйелерімен (әрі қарай - ХТЖ) өзара әрекеттесу, төлем жүйелерінде сертификаттау.

Талаптар:

  • Жоғары және/немесе арнайы орта білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе математика және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе гуманитарлық ғылымдар және/немесе құқық.
  • Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. ИТ мамандықтары бойынша сәйкес білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі 1 жылды құрайды.

Шарттар:

  • Дүйсенбі-жұма жұмыс кестесі, 9:00-ден 18:00-ге дейін