Комплаенс офицер
«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.Қажетті біліктілік:
Білімі: Құқықтану, экономика, қаржы немесе бизнес-функциялармен байланысты өзге де сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім.
Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе:
- Ұқсас немесе сабақтас экономика салаларында жұмыс істейтін, ауқымы жағынан салыстырмалы компанияларда (персонал саны, активтер және т.б.) және/ немесе Қордың/ Қор портфельдік компанияларында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Комплаенс-функцияны іске асыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде комплаенс бағдарламасының негізгі элементтерін енгізу және сүйемелдеу (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, мүдделер қақтығысы, due diligence, тергеп-тексеру, сенім желісі, комплаенс-бақылаулар және т.б.).
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар:
- Комплаенс және/ немесе тергеп-тексеру саласындағы қолданыстағы халықаралық сертификаттардың болуы (ICA, CFE және т.б.);
- «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының корпоративтік оқыту орталығының біліктілік емтиханын тапсыруды растайтын сертификаттары (болған жағдайда).
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;
2)«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының корпоративтік құжаттары;
3) Комплаенс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының тәжірибелері мен стандарттары, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл, халықаралық санкциялар және экстерриториялық юрисдикциясы бар шет мемлекеттердің санкциялары мәселелері;
4) Менеджмент жүйелері бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар;
5) Басшылық, нормативтік және әдістемелік құжаттар;
6) Ұйым бейініне сәйкес жұмыстарды жүргізу технологиясы;
7) Бюджеттің жетекшілік ететін баптары бойынша бизнес-жоспар әзірлеу тәртібі;
8) ҚжЕҚ саласындағы қызметкерлер кодексі «Алтын қағидалар».
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Офистік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
2) Ақпаратты жинау және талдау, құжаттар, қорытындылар мен есептер дайындау;
3) Комплаенс бағдарламасын әзірлеу және/немесе енгізу дағдылары (сенім желісін баптау немесе әкімшілендіру, хабарламаларды өңдеу, комплаенс-тергеп-тексерулер жүргізу және кейінгі түзету шараларын қабылдау);
4) Үшінші тұлғаларды кешенді тексеруді (due diligence of third parties/ KYC) енгізу және/ немесе әкімшілендіру қабілеті;
5) Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестерге мониторинг жүргізу, тергеп-тексеру жүргізу және есептілік қалыптастыру дағдылары;
6) Корпоративтік басқару жүйесін түсіну;
7) Оқыту және тренинг өткізу дағдылары;
8) Жоғары деңгейдегі ауызша және жазбаша коммуникация, тиімді тұлғааралық өзара іс-қимыл және келіссөздер жүргізу дағдылары;
9) Аналитикалық қызметке бейімділік;
10) Бастамашылдық;
11) Жауапкершілік;
12) Командада жұмыс істей білу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Комплаенс мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық тәжірибенің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу процесін ұйымдастыру. Серіктестіктің стратегиясы мен бизнес-моделін ескере отырып, реттеуші талаптарға және олардың Серіктестікке әсер ету салдарына талдау жүргізу;
2) Серіктестіктің негізгі бизнес-процестеріне талдау жүргізуді және олардың өзіне тән комплаенс тәуекелдеріне бейімділігін бағалауды қамтамасыз ету. Серіктестіктегі комплаенс-бақылаулардың тиімділігіне және қалдық комплаенс тәуекеліне бағалау жүргізу. Комплаенс тәуекелдерін бағалау туралы есеп пен оларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды қамтамасыз ету;
3) Үздік халықаралық тәжірибе негізінде сенім желісін/бастамашылық хабарлау желісін құру немесе әкімшілендіру (өтініштерді қабылдау, тіркеу, қарауды/тергеп-тексеруді ұйымдастыру, өтініштердің қаралу мәртебесіне мониторинг жүргізу, түзету іс-шараларын қабылдау, Бақылау кеңесіне тұрақты есептілік ұсыну, постерлер тарату, Серіктестіктің веб-сайтында ақпарат орналастыру және т.б. арқылы бастамашылық хабарлау желісінің бар екендігі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында тиімді коммуникациялар жүйесін қалыптастыру, бастамашылық/құпия хабарлау саясатын әзірлеу);
4) Комплаенс стандарттары мен саясаттарын әзірлеу/өзектендіру (Серіктестік үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясаттарды, регламенттер мен рәсімдерді, оның ішінде Іскерлік әдеп кодексін әзірлеуді қамтамасыз ету);
5) Қор және ҚМГ орталықтандырылған түрде әзірлеген бақылау рәсімдерін Серіктестікте енгізуді және қамтамасыз етуді, оның ішінде Қор және ҚМГ-мен бірлесіп үшінші тұлғалардың сенімділігін тексерудің орталықтандырылған жүйесін және бастамашылық хабарлау желісін енгізуді қамтамасыз ету;
6) Серіктестік үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде бастамашылық хабарлау желісі арқылы келіп түскен шағымдар/өтініштер негізінде тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. Тергеп-тексеру процесін толық аяқталғанға дейін және түзету шараларын қабылдауға/бұзушылықтарды жою немесе бизнес-процестерді өзгерту бойынша ұсынымдар әзірлеуге дейін үйлестіру;
7) Серіктестік қызметкерлері мен басшылығы үшін комплаенс мәселелері бойынша, оның ішінде онлайн оқыту процесін ұйымдастыру. Ақпаратты ашу, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т.б. мәселелер бойынша реттеуші талаптарды сақтау бөлігінде қызметкерлер мен басшылықты оқыту және консультация беру;
8) ҚМГ тобы үшін әзірленген стандарттар негізінде Серіктестікте комплаенс стандарттарын енгізуді және бекітуді қамтамасыз ету, Серіктестік қызметкерлері мен стейкхолдерлерінің бастамашылық хабарлау желісінің бар екендігі туралы хабардарлығын арттыруды қамтамасыз ету, келіп түскен өтініштер бойынша сұрау салулар жолдау, комплаенс стандарттарын енгізу процесін үйлестіру;
9) Серіктестікте комплаенс саласындағы бақылау рәсімдерін енгізуді қамтамасыз ету, оның ішінде ақпаратты ашу (қажет болған жағдайда), мүдделер қақтығысын реттеу, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға қарсы іс-қимыл және комплаенс-бақылаудың өзге де мәселелері;
10) Құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, Қормен және ҚМГ-мен өзара іс-қимыл жасау (Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, үшінші тұлғаларды тексеру үшін дерекқорларды пайдалану, комплаенсті енгізу, тергеп-тексеру жүргізу, есептілік ұсыну мәселелері бойынша Қор және ҚМГ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және т.б.);
11) Бюджетті қалыптастыруға қатысу, бекітілген бюджет көрсеткіштерінің, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен күрделі салымдардың орындалуына мониторинг жүргізу, бюджеттік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
12) Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыруға, сатып алуды жүргізу үшін өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді дайындауға қатысу, сатып алулардың комплаенс тәуекелдерін келісу және тексер
13) Комплаенс саласында оқытуға өтінім қалыптастыру;
14) Жетекшілік ететін және тапсырылған мәселелер бойынша белгіленген қағидаларға сәйкес хаттарды, бұйрықтарды және өзге де шығыс құжаттамаларын дайындауды қамтамасыз ету.
Қосымша талаптар:
-Мемлекеттік тілді коммуникация жүргізу және персоналды оқыту үшін жеткілікті деңгейде меңгеру.-Ағылшын тілін меңгеру (жұмыс деңгейінде болғаны жөн).
-Бизнес, экономика, қаржы немесе құқық саласы бойынша магистр дәрежесінің болуы (қалаулы).
Жұмыс шарттары:
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру, толық әлеуметтік пакет.
Жұмыс кестесі: Ақтау қ. 5/2, 08:30 - дан 18:00-ге дейін (толық жұмыспен қамту).
Жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақы беру жүйесі (тоқсандық сыйлықақы).
Корпоративтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, қызметтік көлік).
Мұнай сервисі секторының тұрақты компаниясында жұмыс істеу.
Қажетті қабілеттер
- Знание стандартов и правил в сфере Комплаенс
- знание комплаенс процедур,
- Комплаенс проверка контрагентов, кандидатов, проработка и ведение функции комплаенс на предприятии
- - Сбор и анализ информации
- Антикоррупционный комплаенс
- Выявление комплаенс-рисков и разработка мер, направленных на снижение уровня комплаенс- рисков;
- исполнение функций комплаенс
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Басқа