Жүк және багажды қабылдап-тапсырушы ҮШҚҰЛЫН СТАНЦИЯСЫ (1 СЫНЫП) «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Павлодар»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Таразылардың ақаулығы анықталған кезде (салмақ рельстері, салмақ өлшеу аспабы, принтері бар компьютер) талқылаушы ұйымның алдында АФТОп хабардар етеді, еркін нысандағы актіні жасайды.Кірме жолдарды түсіру габаритінің жай-күйі, тиеу-түсіру жұмыстары кезінде вагон паркінің сақталуы мәніне тексеру.
Көмір маршруттары «Майкубен-Вест» АҚ, «Гамма-Сарыкөл» ЖШС р/с станциясына келгеннен кейін және темір жол станциясы бойынша кезекшіге көрсеткеннен кейін вагондарға көтерілместен паркке шыға отырып, жүк жөнелтушінің қабылдап-тапсырушысы бар поездар мен вагондарды бірлескен коммерциялық тексеруді жүргізеді.
Жұмыс орнында Станцияның Автоматтандырылған Басқару Жүйесінің (бұдан әрі - АСУСТ), «Шарттық және коммерциялық жұмыс» Автоматтандырылған басқару жүйесінің (бұдан әрі - КЖД АБЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуінің жұмысын тексеру. Есептеу жабдығының жарамдылығын, орама қағаздың және қажетті мүкәммалдың болуын тексеру.
Жылжымалы құрамды станцияға коммерциялық қатынаста қарсы алады және қарап шығады.
Біліктілік талаптары:
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандықтары бойынша жоғары, орта (техникалық және кәсіптік); Коммерциялық қызмет (теміржол көлігі, теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көліктік техника және технологиялар.жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) білім кезінде еңбек өтіліне талап қойылмайды.
орта есеппен кемінде 3 жыл, оның ішінде поездарды қабылдаушы лауазымында 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Колледж