«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Стратегия және даму департаментінің бас менеджері
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Компанияның даму стратегиясын әзірлеуге, талдауға және өзектендіруге қатысу;
- Стратегиялық және талдамалық материалдарды дайындау;
- Серіктестер мен клиенттерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу;
- Тарифтік саясатты қалыптастыруға қатысу;
- Стратегиялық бастамалардың іске асырылуын мониторингілеу;
- Басшылық үшін есептер мен презентациялар дайындау.
Талаптар:
- Техникалық бағыттағы немесе экономика, менеджмент саласындағы жоғары білім;
- Қосымша білімнің болуы (магистратура, MBA, бейіндік курстар) құпталады;
- Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту немесе инвестициялық қызмет жобаларына қатысу тәжірибесі;
- Ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі (телекоммуникация немесе IT саласы құпталады);
- Тарифтік саясатты әзірлеу тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:
- Стратегиялық жоспарлау және стратегияны іске асыру процестерін түсіну;
- Жоғары деңгейдегі коммуникация және іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары;
- Бизнес-жоспарларды түсіну және талдау қабілеті;
- Инвестициялық жобалармен жұмыс істеу қағидаттарын білу;
- Деректерді талдау құралдарын сенімді пайдалану (Excel, PowerPoint; BI-құралдарын білу артықшылық болып табылады);
- Ағылшын тілін Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру.
Еңбек шарттары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)