«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Маркетинг және PR департаментінің директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
207

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • PR және маркетинг департаментінің қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау;
  • Серіктестіктің коммуникациялық, PR, маркетингтік және брендтік стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
  • Компания мен жобаны ұлттық және халықаралық нарықтарда ілгерілету және позициялау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Компанияның бренд-платформасын, құндылықтарын, миссиясын, позициялануын, негізгі хабарламаларын және коммуникациялық архитектурасын әзірлеу және өзектендіру;
  • Компанияның барлық коммуникациялық және маркетингтік материалдарында бірыңғай визуалды сәйкестікті және брендбук талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Компанияның фирмалық стилін, брендбугін, коммуникациялық стандарттарын және корпоративтік үлгілерін енгізу және сүйемелдеу;
  • Data Center Valley брендін клиенттер, инвесторлар, серіктестер, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар арасында дамыту және ілгерілету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен, салалық алаңдармен, сарапшылар қауымдастығымен және пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
  • Баспасөз релиздерін, пікірлерді, сұхбаттарды, мақалаларды, презентациялық материалдарды, баяндамаларды және өзге де ақпараттық материалдарды дайындау;
  • Компания қызметі мен негізгі инфрақұрылымдық жобалардың PR-сүйемелдеуін үйлестіру;
  • Компания қызметінің беделдік сүйемелдеуін қамтамасыз ету және корпоративтік беделді басқару;
  • Компания басшылығының жария іс-шараларға, сұхбаттарға, форумдарға, конференцияларға және халықаралық алаңдарға қатысуын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Ақпараттық тәуекелдер мен дағдарыстық жағдайларға уақтылы әрекет етуді қамтамасыз ету;
  • Компанияның контенттік стратегиясын әзірлеу және іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Компанияның LinkedIn, Telegram, X (Twitter) және өзге де цифрлық платформалардағы корпоративтік парақшаларын жүргізуді үйлестіру;
  • Компанияның цифрлық коммуникациялары үшін бірыңғай визуалды және контенттік стандарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • Фото, бейне, презентациялық және графикалық контентті әзірлеуді ұйымдастыру;
  • Әлемдік нарықтағы маркетингтік зерттеулер мен бәсекелестік ортаны талдауды жүргізу;
  • Компанияны халықаралық нарықтарда ілгерілету бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • Әлеуетті клиенттер, инвесторлар және серіктестер үшін презентациялық және инвестициялық материалдарды дайындауды үйлестіру;
  • Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және стратегиялық серіктестермен өзара іс-қимылдың коммуникациялық сүйемелдеуін қамтамасыз ету;
  • Корпоративтік сувенирлік өнімдер мен брендтелген материалдарды әзірлеу және енгізу;
  • Департамент бюджетін қалыптастыру және оның орындалуын бақылау;
  • Маркетинг, брендинг және PR мәселелері бойынша компания үшін талдамалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындау;
  • «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС-нің іскерлік беделін қорғауды және ұлттық әрі халықаралық деңгейде оң имиджін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Журналистика, қоғаммен байланыс, маркетинг немесе халықаралық қатынастар саласында жоғары кәсіби білім;
  • Коммуникациялар, қоғаммен байланыс, маркетинг, медиа, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, корпоративтік коммуникациялар саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Кәсіби білімдер:

  • Стратегиялық маркетингтің, брендингтің және беделді басқарудың негіздері;
  • Жобаларды басқару және мердігер ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру әдістері;
  • Қазақстан Республикасының жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникациялар, дербес деректерді қорғау және зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы;
  • Менеджменттің, нарықтық экономиканың, кәсіпкерліктің және бизнес жүргізудің негіздері;

PR саласындағы негізгі қағидалар мен теориялар, оның ішінде:

  • PR әдіснамасы мен құралдары;
  • Дағдарыстық коммуникациялар және дағдарыстарды еңсеру технологиялары;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс істеуді ұйымдастыру;
  • Жұмыс құжаттарының түрлері және оларды дайындау әдістемесі;
  • PR-іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (брифингтер, баспасөз конференциялары және т.б.);
  • Баспасөз релиздерін, ақпараттық хабарламаларды дайындау және ақпараттық себептерді қалыптастыру тәртібі;
  • Қоғаммен байланыс саласындағы отандық және халықаралық тәжірибе;
  • Әкімшілік басқару қағидаттары;
  • Іскерлік қарым-қатынас этикасы және іскерлік хат алмасуды жүргізу тәртібі;
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін лауазымдық міндеттерді орындауға жеткілікті деңгейде меңгеру.

Еңбек шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақытылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.

Қажетті қабілеттер

  • -инициативность
  • -Лидерские и управленческие навыки
  • -Целеустремленность
  • - Ответственность
  • - Стрессоустойчивость
  • Высокий уровень организаторских способностей
  • Стратегическое мышление и способность формировать долгосрочные планы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)