Бас бухгалтер

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
224

   Конкурс туралы

Міндеттері: 

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және салық салу, Қоғамның есеп саясаты, Қоғамның Салықтық есеп саясаты саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес КБД қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру және қолдау.
2) Есепті кезеңдегі есепте осы кезеңде жүзеге асырылған барлық шаруашылық операциялардың және мүлікті түгендеу мен қаржылық міндеттемелер нәтижелерінің көрсетілу толықтығын бақылау.
3) Бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес мүліктің және міндеттемелердің қозғалысымен, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетілуін бақылау.
4) Бағалау есептеулерін көрсетудің толықтығын бақылауды және тұрақты мониторингін жүзеге асыру.
5) КБД-ның ай сайынғы, тоқсандық және жылдық қаржылық және статистикалық есептілігін қалыптастыруға басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру.
6) ҚР Салық заңнамасына сәйкес КБД салық міндеттемелерінің толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді бақылау.
7) Берілген өкілеттіктерді ескере отырып, КБД қаржылық және өзге де бухгалтерлік құжаттарына қол қою.
8) КБД жұмыс тәртіптемесіне және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес КБД фирмалық мөрінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету.
9) Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
10) Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, бухгалтерлік есепке алу шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру.
11) Түгендеуді уақтылы және сапалы жүргізуді, бухгалтерлік ақпаратты және құжат айналымын өңдеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.
12) Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды ресімдеуді және белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету.
13) Қоғамның шоғырландырылған қаржылық, салықтық және статистикалық есептілігін қалыптастыру мақсатында Қоғамның бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне ай сайынғы, тоқсандық және жылдық қаржылық есептілікті; КБД салықтық және статистикалық есептерін уақтылы және сапалы ұсыну.
14) КБД шаруашылық операцияларын жедел басқаруды жүзеге асыру мақсатында филиал басшылығын ақпаратпен қамтамасыз ету.
15) Мемлекеттік органдардың ҚР Бухгалтерлік және салық заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
16) КБД жасасатын шарттарды ҚР Бухгалтерлік және салық заңнамасының сақталуы тұрғысынан келісу.
17) КБД бухгалтериясының құзыретіндегі мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге, КБД жұмыскерлеріне консультациялық көмек көрсетуге.
18) КБД құрылымдық бөлімшелеріне бухгалтерия қызметіне қатысты қажетті материалдарды, мәліметтерді және өзге де ақпаратты белгіленген тәртіппен уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
19) Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтау және орындау.
20) БМЖ және АҚМЖ жұмыс күйінде ұстау және жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу. 

Талаптары:

Бас бухгалтердің жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білімі және қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Бас бухгалтер мыналарды білуі керек:
  • лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде «Қазақтелеком» АҚ және филиалдың өкімдік және ішкі құжаттарын;
  • «Қазақтелеком» АҚ БМЖ, АҚМЖ құжаттарын;
  • электронды құжат айналымын;
  • осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (MS OFFICE Windows, Word, Excel, MS Outlook Express, SAP ERP);
  • лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді;