«Құқықтық қамтамасыз ету және тұрақты даму» департаментінің бас менеджер

«Qazaq Green Power PLC» қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
46

Қаралған саны:
745

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Корпоративтік-құқықтық сүйемелдеу
  • Ұйымдардың қызметін құқықтық сүйемелдеу.
  • Басқару органдарының (акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналыстары, директорлар кеңестері/бақылау кеңестері, атқарушы органдар) шешімдерін, күн тәртібін, бюллетеньдерін және хаттамаларын дайындау, құқықтық сараптау және келісу.
  • Компанияның акционер/қатысушы ретіндегі құқықтарын іске асыру: дауыс беру бойынша директивалар мен ұстанымдарды, сенімхаттарды дайындау, басқару органдарына кандидатураларды келісу, корпоративтік рәсімдер мен мерзімдердің сақталуын бақылау.
  • Жарғыларды, ережелерді және өзге де ішкі корпоративтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру; бекітілген портфель бойынша корпоративтік оқиғаларға мониторинг жүргізу.
  1. Жобалар мен мәмілелерді сүйемелдеу
  • Жаңартылатын энергетика саласындағы жаңа жобаларды барлық кезеңдерде (бастамалау, құрылымдау, іске асыру) құқықтық сүйемелдеу.
  • Бірлескен кәсіпорындарды, оның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорындарды құрылымдауға қатысу: акционерлік келісімдерді (SHA), бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімдерді (JVA), қатысушылар келісімдерін дайындау және құқықтық сараптау.
  • Жобалық қаржыландыруды және қаржыландырушы ұйымдармен (банктер, халықаралық қаржы институттары) өзара іс-қимылды құқықтық сүйемелдеу: кредиттік және қамтамасыз ету құжаттамасына құқықтық сараптама жүргізу.
  • Активтер мен жобалар бойынша құқықтық due diligence рәсімдеріне қатысу, құқықтық тәуекелдерді анықтау және бағалау, тәуекелдер тізілімін жүргізу және оларды азайту жөніндегі ұсынымдарды дайындау.
  1. Шарттық және талап-арыз жұмысы
  • Бекітілген портфель бойынша шарттарды (оның ішінде EPC шарттары, жеткізу, қызмет көрсету, жалдау және қарыз шарттары) әзірлеу, құқықтық сараптау, келісу және сүйемелдеу.
  • Хаттардың, хабарламалардың, қосымша келісімдердің жобаларын дайындау; тараптардың шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау.
  • Бекітілген портфель бойынша талап-арыз жұмыстарын және дауларды сүйемелдеу, сыртқы заң консультанттарының жұмысын үйлестіру.
  1. Құқықтық сараптама, қорытындылар және басқару органдарына арналған материалдар
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және АХҚО құқығы мәселелері бойынша құқықтық қорытындыларды, талдамалық анықтамаларды және құқықтық ұстанымдарды дайындау.
  • Басқармада, Директорлар кеңесінде және өзге де басқару органдарында қарауға арналған түсіндірме жазбалар мен шешімдер жобаларын дайындау, құқықтық сараптау және келісу.
  • Мәмілелерді құқықтық тұрғыдан саралау (оның ішінде ірі мәмілелер мен мүдделілік бар мәмілелер) және оларды мақұлдаудың тиісті тәртібін айқындау.
  • Өзара іс-қимыл және әдіснама
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен, акционермен және топ ұйымдарымен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды, үлгілік нысандар мен шарт шаблондарын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу.
  • Басшылықты құқықтық тәуекелдер және бекітілген портфельге әсер ететін заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім. Құқық магистрі (LLM) дәрежесінің және/немесе құқық немесе корпоративтік басқару саласындағы кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.
  • Тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Инфрақұрылымдық жобаларда, жобалық қаржыландыруда немесе инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде тәжірибенің болуы құпталады. Мемлекеттік қатысуы бар компаниялар тобында және/немесе АХҚО юрисдикциясында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасын білу, АХҚО құқығының негіздерін білу құпталады. Дағдылар: корпоративтік басқару және басқару органдарының қызметін сүйемелдеу, шарттық жұмыс, құқықтық сараптама, құқықтық due diligence жүргізу, мәмілелерді (бірлескен кәсіпорындар, M&A) және жобалық қаржыландыруды сүйемелдеу, құқықтық тәуекелдерді басқару.
  • Құқықтық сараптама, шарттық жұмыс, корпоративтік басқару, құқықтық тәуекелдерді басқару, сапа мен мерзімге бағдарлану.
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру. Ағылшын тілі – Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес.
  • Энергетика саласы компанияларының және инфрақұрылымдық холдингтердің заң бөлімшелерінде, мемлекеттік қатысуы бар компаниялар тобында, сондай-ақ энергетика және жобалық қаржыландыру саласындағы жобаларды сүйемелдейтін заңгерлік және консалтингтік фирмаларда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.