KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Күрделі құрылыс қызметінің 1-санатты инженері
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) өндірістік объектілерді күрделі құрылыс және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын бақылайды;
2) жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды;
3) мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және қабылдау комиссиялары мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады;
4) құрылыс басталар алдында құрылыс аумағын зерттеу жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамында жұмыс істейді;
5) күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
6) өндірістік объектілерді жаңадан салу, реконструкциялау, жаңғырту бойынша объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;
7) Филиалдың инвестициялық бағдарламасын түзетуге, жасауға және қорғауға қатысады;
8) мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуға қатысады;
9) жылдық есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындаумен айналысады;
10) күрделі құрылыс бойынша есеп жүргізу және есептілік жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
11) салынған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс және қабылдау комиссиясының мүшелерімен хат алмасу жүргізеді;
12) мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және қабылдау комиссиялары мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады;
13) объектілерді салу кезеңінде жер учаскелерін жалға алу құжаттарын ресімдеу бойынша жергілікті органдармен келіссөздер жүргізеді.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
жоғары білім/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
электр энергетикасы саласындағы және/немесе құрылыс, сәулет саласындағы техникалық |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
электр энергетикасы саласында және/немесе құрылыс, сәулет саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
2-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл / лауазым бағыты бойынша кемінде 4 жыл |
|
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
- |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, құрылыс нормалары мен қағидаларын; стандарттарды, жобалау құжаттамасын ресімдеу бойынша техникалық шарттарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды; құрылыс жұмыстарының орындалуы туралы есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу тәртібін білу; · құрылыс объектілерін жобалау кезіндегі еңбекті ұйымдастыру талаптары; · күрделі құрылыс мәселелері бойынша әдістемелік материалдар; · ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары; күрделі құрылыс жоспарларын әзірлеу тәртібі; мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасу тәртібі; · құрылыс жұмыстарының технологиясы, күрделі құрылысты жүргізу тәсілдері; · өндіріс технологиясының негіздері және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәсілдері; құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау тәртібі және олардың сапасын бақылау әдістері; · жобалық-сметалық, КДҚ және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу, экономика және құрылысты ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; · құрылысты қаржыландыру тәртібі, желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитарияны және құрылыс объектілерін өртке қарсы қорғауды өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚСҚ-да қолданылатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу; · Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу; · Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау). |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
• Мүмкіндігінше қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн |
|
Қосымша талаптар |
· MS office тәжірибелі пайдаланушы; · Қазақ тілін, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
- Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 162/7
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 09 маусымға дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар