«KTZ Express» АҚ Логистика және тарифтер департаментінің экспорт/импорт бағытындағы оператордың тарифын есептеу жөніндегі тобының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Жүктің түрін, тасымалдау бағытын, қашықтығын және пайдалану шарттарын ескере отырып, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастарда жылжымалы құрам түріне (ұзын базалы/қысқа базалы фитингтік платформалар, әмбебап вагондар және т.б.) байланысты оператор тарифтерін есептеуді жүзеге асырады;
- Жылжымалы құрамды ұсынудың коммерциялық шарттарын келісуге қатысады, оның ішінде клиенттермен, экспедиторлармен және өзге де контрагенттермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Бастапқы деректерді алу, тарифтік шешімдерді келісу және енгізу мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттеседі;
- Тариф қалыптастыру, табыстылық және жылжымалы құрамды пайдалану мәселелері бойынша талдамалық есептілікті дайындайды;
- Неғұрлым бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар мен жүк жеткізу тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында мөлшерлемелер алу бөлігінде қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- Көліктік шешімдердің және жүкті жеткізудің жаңа/баламалы маршруттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Кейіннен шарт жасасу үшін Қазақстан аумағында және шетелдік аумақтарда неғұрлым бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар ұсынатын жаңа қызмет көрсетушілерді тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады (ақпарат жинау, іскерлік байланыстар орнату, шарттар жасасуға арналған материалдарды дайындау, бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеу);
- Арнайы тасымалдарға қатысты шарттар мен табиғи монополия субъектілерімен жасалған шарттарды қоспағанда, жасалатын және жасалған шарттарды кейін төлеу (посттөлем) талаптарына көшіру бойынша қызмет көрсетушілермен жұмыс жүргізеді;
- Көлік-логистикалық қызметтер көрсетушілермен баға хаттамаларын келісуді және оларға қол қоюды қамтамасыз етеді;
- Қоғамның меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі вагондар логистикасын дамыту саласындағы стратегиялық бастамалар бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Логистикалық рәсімдерді автоматтандыру және мақсатты регламенттердің орындалуы жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысады;
- Көліктік логистика мәселелері бойынша, тасымалдардың барлық түрлеріне қатысты нормативтік құқықтық және заңнамалық актілерге, даму бағдарламаларына, стратегияларға және көлік саласын реттейтін өзге де құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар