Корпоративтық қауіпсіздік маманы
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері
- Серіктестік қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Серіктестіктің мүдделерін сот және мемлекеттік органдарда қорғау, сондай-ақ сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
- Серіктестіктің өмірлік маңызды мүдделерінің қаржылық-экономикалық, құқықтық, өндірістік-шаруашылық, технологиялық және өзге де салаларда сыртқы және ішкі қауіптердің теріс әсерінен қорғалуын қамтамасыз ету, корпоративтік ресурстарды тиімді пайдалану арқылы тұрақты дамуға қол жеткізу.
- Серіктестіктің экономикалық қызметіндегі бұзушылықтарды анықтау мақсатында бақылау, ревизиялық жұмыстар мен қызметтік тексерулерді жоспарлау және жүргізу.
- Серіктестіктегі бизнес-процестерге мониторинг жүргізу.
- Комплаенс қызметімен бірлесіп, құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
- «EASYDOCS» құжат айналымы жүйесіндегі кіріс хат-хабарлар бойынша тапсырмаларды тұрақты түрде тексеру және белгіленген мерзімде жауаптар, түсіндірмелер мен өзге де ақпараттарды дайындау.
- Бас директордың бұйрығымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
- Сатып алу жоспарларын және оларға енгізілетін түзетулерді зерделеу, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нарығын мониторингтеу және баға қалыптастыру рәсімдерінің сақталуын бақылау.
- Контрагенттердің сенімділігін тексеруге арналған ақпараттық жүйелер бойынша сатып алу және төлем рәсімдерін Серіктестіктің ERP жүйесінде және электрондық сатып алу жүйесінде жүзеге асыру.
- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша саясаттарды, бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, іс-шаралар жоспарларын, регламенттерді және ішкі құжаттарды әзірлеу әрі олардың орындалуын бақылау.
- Экономикалық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай корпоративтік саясатты қалыптастыру бойынша шолулар, есептер және ұсынымдар дайындау.
- Экономикалық қауіпсіздікті жақсарту, ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді бағалау жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
- Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.
- Экономикалық қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайын және негізгі қауіптерін бағалау.
- Экономикалық қауіпсіздік мақсатында бақылауға жататын операциялардың алдын алу, анықтау және жолын кесу.
- Серіктестік қызметкерлеріне кеңес беру, корпоративтік қауіпсіздік маманының құзыретіне кіретін құжаттар жобаларын келісу.
- Өндірістік филиалдарға келіп түскен шағымдар бойынша жоспардан тыс іссапарларды ұйымдастыру.
- Экономикалық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жоспарлы бақылау және ревизиялық іссапарларды ұйымдастыру.
- Тартылатын контрагенттердің іскерлік беделін тексеру.
- Жасалатын шарттар бойынша мүдделер қақтығысының және өзара байланысты мәмілелердің болуын немесе болмауын тексеру.
- Контрагенттерді салық төлеуден жалтару, жалған ақпарат беру және Серіктестікке залал келтіруі мүмкін өзге де әрекеттер бойынша тексеру.
- Үшінші тұлғалардың ықтимал заңсыз әрекеттері, оның ішінде қызметкерлерден құпия немесе қорғалатын ақпаратты алу әрекеттері туралы ақпарат алмасу.
- Серіктестіктің мерзімі өткен дебиторлық берешегін өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
- Қарыздарды есептен шығару комиссиясына материалдарды шығарудың заңдылығын зерттеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және қызметкерлердің борышкерлермен байланыстылығын анықтау.
- Экономикалық қауіпсіздік бойынша өзара іс-қимылды және желілік-объектілік бақылауды үйлестіру.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес Азаматтық қорғаныс, терроризмге қарсы іс-қимыл және төтенше жағдайлар саласында жұмыс жүргізу.
- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, терроризмге қарсы іс-қимыл және күзет қызметі саласында жоспарлар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу.
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қауіпсіздік жоспарына сәйкес Серіктестіктің корпоративтік қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу.
- Корпоративтік қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша есептерді «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на ұсыну.
- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, терроризмге қарсы іс-қимыл және күзет ұйымдары саласындағы талаптардың сақталуын бақылау.
- Қызметтік пайдалану үшін арналған құжат айналымын жүргізу.
- Азаматтық қорғаныс және корпоративтік қауіпсіздік бойынша есептілікті жүргізу.
- Тиісті бағыт бойынша мердігер ұйымдардың қызметін бақылау.
- Серіктестіктің шарттық аумағындағы күзет ұйымдарының жұмысын бақылау.
- Өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын әзірлеу және өзектендіру.
- Терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Талаптар
- Жоғары білім: заңгерлік, экономикалық немесе техникалық.
- Корпоративтік қауіпсіздік саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде экономикалық құқық бұзушылықтарға байланысты ұйымдарда және/немесе құқық қорғау және арнайы органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Серіктестікте және/немесе мұнай-газ саласындағы ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Шарттар:
- Әлеуметтік пакет.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
"Қазпошта" АҚ Ақпараттық қауіпсіздік департаменті директоры
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.06.2026 | 55
Шарттық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет менеджері (15 грейд) «Көліктік сервис орталығы» АҚ шарттық жұмысты қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсету департаменті
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы | Еңбекпен толық қамтылу
| Көкшетау қ.
18.06.2026 | 115