Вахта емес_ сервистік орталықтың 4-5 разрядты Слесарь-жөндеушісі (04.06.2026 ж. № 48-12-10/2374) Өскемен қ. - 2 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
4-разрядты слесарь-жөндеуші орындай білуі тиіс: - күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау; - күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру; - бөлшектер мен тораптарға 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу жүргізу; - жөндеу және монтаждау үшін күрделі құрылғыларды жасау; - жөндеуге ақаулық ведомостарын жасау; - көтеру-тасымалдау механизмдері мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып такелаж жұмыстарын орындауға. Көрсетілген талаптардан басқа 5-разрядты слесарь-жөндеуші қосымша орындай білуі тиіс: - Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеуге, монтаждауға, бөлшектеуге, сынауға, реттеуге және реттеуге және жөндеуден кейін тапсыруды жүргізуге; - бөлшектер мен тораптарға 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу жүргізу; - кернеулі және тығыз отырғызу жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.Білім:
Кәсіптік даярлықпен жалпы орта деңгейден төмен емесДағдылар:
4-разрядты слесарь-жөндеуші білуі тиіс: - жөндеуге жататын жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды орнату; - машиналарды реттеу ережелері; - жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды жою тәсілдері; - пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, мақсаты және қолдану ережелері; - әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясы; - күрделі емес әртүрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдері; - шақтамалар мен қондырмалар жүйесі, сапасы мен кедір-бұдырлық параметрлері; - қышқылға төзімді және басқа қорытпалардың қасиеттері; - жабдықты жоспарлы-алдын алу жөндеудің негізгі ережелері. Көрсетілген талаптардан басқа 5-разрядты слесарь-жөндеуші қосымша білуі тиіс: - жөндеуге жататын жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктері; - жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеуге, жинауға, сынауға және реттеуге және дұрыс орнатуға арналған техникалық шарттар; - жабдықты жөндеу, жинау және монтаждаудың технологиялық үдерісі; - машиналарды статикалық және динамикалық теңестіруге жабдықты сынау ережелері; - күрделі белгілеу кезіндегі геометриялық құрылымдар, бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын анықтау тәсілдері; - тозған бөлшектерді қалпына келтіру және нығайту және қорғаныс жабынын жағу тәсілдері. Қосымша 4,5 разрядты слесарь-жөндеуші білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелері; - өндіріс экономикасының негіздері; - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама негіздері; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; - қоршаған ортаны қорғау ережелері; - «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің талабы (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ); – өндірістік санитария; - өртке қарсы қауіпсіздік; - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік актілердің талаптары; - жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері; - «LOTO жүйесі» қауіпті энергия көздерін бұғаттауды қамтамасыз ететін құрылғыларды қолдану тәртібі; - орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар; - ақаудың түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдері, өндірістік дабылдар, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары.Қосымша:
1.4 Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл) 1.5 Негізгі лауазымдық міндеттер 1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - қалыпты еңбек жағдайлары; - еңбек жағдайлары радонның және оның қысқа мерзімді еншілес ыдырау өнімдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары, егер бір айдағы ең жоғары доза 0,42 мЗв асатын болса; - бериллий мен оның қосылыстарының, иондаушы сәулеленудің әсерінен болатын 2-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. 1.7 Жұмыс режимі және демалыс: - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде сағат 07.00-ден 16.00-ге дейін (жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде), демалыс күндері сенбі және жексенбі; - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде сағат 07.00-ден 14.12-ге дейін (жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде), демалыс күндері сенбі және жексенбі; - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 07.45-тен 15.57-ге дейін (жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде) демалыс күндері сенбі және жексенбі; - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде сағат 07.30-дан 16.00-ге дейін (жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде) демалыс күндері сенбі және жексенбі; - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 07.20-дан 15.50-ге дейін (жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде) демалыс күндері сенбі және жексенбі; 1.8 Еңбек ақы мөлшері: 4-разряд 148630 теңгеден бастап 308198 теңгеге дейін 5-разряд 163493 теңгеден бастап 339018 теңгеге дейін, кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1.9 Тағылымдама - 30 күнтізбелік күннен кем емес мерзімге белгіленедіБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
4-5-6 разрядты вахта емес слесарь-жөндеуші тантал өндірісі (№ № 78-11-07/4001 05.06.2026 бастап ) Өскемен қ.-1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.06.2026 | 27
Өскемен қ. № 58 тантал өндірісі цехының 4-5-6 разрядты вахта емес аппаратшысы (02.06.2026 ж. № 78-11-07/3917) - 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.06.2026 | 28
НЕ ВАХТА_Бериллий өндірісі. 4-5 разрядты жиынтақтаушы (№51-13-12/3004 от 05.06.2026) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
09.06.2026 | 47