Пошта жөнелтілімдерінің сұрыптау учаскесі , сұрыптау цехы

Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Жартылай қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
30

   Конкурс туралы
Қызметтері:
  • Атаулы заттарды қол қойғызып алу, компьютерлердің, «ӨЖЖ» (ПУС — Почталық есепке алу жүйесі) бағдарламалық жасақтамасының, технологиялық жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру;

  • Пошта жөнелтілімдері мен ыдыстарын қабылдау, өңдеу, жөнелтіп жіберудің технологиялық процесін сақтау;

  • Пошта жөнелтілімдері мен ыдыстарын өңдеу, сұрыптау регламентін сақтау;

  • Ілеспе құжаттарды тексере отырып, сыртқы тексеру жүргізу, атаулы тексеру және қолхаттар жаза отырып, өндірістік учаскелерден пошта жөнелтілімдерін қабылдау тәртібін қамтамасыз ету;

  • Міндетті түрде теңгерімдік ведомостіні толтыра отырып, қабылданған поштаға өндірістік құжаттаманы қалыптастыру және тігу (тіптеу);

  • Қаптардың, қабықтардың, байламдардың, мөрлердің бүтіндігіне мұқият сыртқы тексеру жүргізе отырып, «Сақтандыру» қаптарын қабылдау. Қаптарды ашу, құнды хаттарды, бандерольдерді, шағын сәлемдемелерді, ұсақ пакеттерді алдын ала сұрыптау;

  • Пошта жөнелтілімдерін өңдеу бойынша барлық бұзушылық жағдайларына (толық көлемде түспеу, суланған күйде келуі, ішіндегі затқа қол жеткізу мүмкіндігінің болуы, ілеспе құжаттың болмауы және т.б.) ф.51 актісінің (Пошта ережелерінің 870-871 баптары), ф.30 хабарламаларының (Пошта ережелерінің 865-869 баптары) бұзылуын дер кезінде анықтау және ресімдеу;

  • Сұрыптау машинасында ұсақ пакеттер мен сәлемдемелерді сұрыптауды жүзеге асыру;

  • Қабылданған пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасы бойынша бағыттау жоспарларына сәйкес сұрыптауды, тіркеуді (жазып алуды) және жөнелтуді жүзеге асыру;

  • Кезеңішілік бақылау мерзімдері мен бағыттау жоспарына сәйкес ӨЖЖ (ПУС) бағдарламасында «Сақтандыру» қаптарын қалыптастыру, оларды өлшеу және БҚҚ-мен (ЗПУ — бекіту-пломбалау құрылғысы) тартып бекіту;

  • Бағыттау жоспарына сәйкес ӨЖЖ (ПУС) бағдарламасында қалыптастырылған «Сақтандыру» қаптарын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жөнелтуге тапсыру. Поштаны бағыттау жоспарларындағы барлық өзгерістермен танысу;

  • Учаскеде пошта көлемі болмаған жағдайда, сұрыптау цехының басқа учаскесінің поштасын өңдеуді жүзеге асыру;

  • Цех, учаске бастығының, нұсқаушының, ауысым үлкенінің жекелеген тапсырмаларын орындау;

  • Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін атаулы заттарды жауапты тұлғаларға сақтауға тапсыру. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін компьютерді, электр жабдықтарын өшіру және жұмыс орнында тәртіп орнату (жинау);

  • Пошта ережелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық пошта алмасу орындарында халықаралық поштаны өңдеу ережелерін, Пошта байланысы қызметтерін көрсету ережелерін және филиал мен Қоғамның басқа да нормативтік құжаттарын қатаң сақтау;

  • Тастаматтарға ТПЖ (РПО — тіркелетін пошта жөнелтілімі) дұрыс өңделуін және тіркелуін қамтамасыз ету;

  • Пошта жөнелтілімдерін өңдеу нормативтерін орындау;

  • Кезеңішілік бақылау мерзімдерін сақтау;

  • Пошталық қауіпсіздік басқармасына (УПБ) пошта жөнелтілімдерінің қалдықтары бойынша есепті дер кезінде ұсыну;

  • Құндылықтардың, мүліктің, атаулы заттардың, қаптардың, жабдықтардың, компьютерлік техниканың сақталуын, хат-хабарлар мен телефон арқылы сөйлесулердің құпиялылығын қамтамасыз ету;

  • Пошта жабдығын оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес пайдалану;

  • Өзіне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуына қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы және ықтимал немесе анықталған тәуекелдер (тыйым салынған заттардың табылуы, өрт туралы және т.б.) туралы басшылықты дер кезінде хабардар ету;

  • Филиал, Қоғам басшылығының, өндірістік учаске, цех бастығының, нұсқаушының нұсқаулары мен тапсырмаларын дер кезінде орындау;

  • Пошта жөнелтілімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • Пошта ережелерін, пошта байланысы қызметтерін көрсету ережелерін, бағыттау жоспарларын, кезеңішілік бақылау мерзімдерін орындау талаптарын сақтау;

  • Техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

  • Іскерлік әдеп кодексі мен еңбек тәртібінің талаптарын сақтау;

  • Жұмысқа шығу графигін, тамақтануға шығу уақытын, демалысқа арналған үзіліс уақытын қатаң сақтау.

    Талаптары:
    - ДК еркін пайдаланушы
    - жұмыс тәжірибесі қажет емес

    Шарттары:
    ауыспалы кесте 

Қажетті қабілеттер

  • - Дисциплинированность и ответственность