ҚМГ Инжиниринг (Мұнай инжинирингі) ЖШС downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері (аутстаффинг)
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.Талаптар
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ), Мұнай инжинирингі
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі | Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:
Ірі мұнай-газ/мұнай-химия жобаларын (EPC/EPCM) жоспарлау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Жобаларды жобалау, сараптамадан өткізу, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстары кезеңдерінде іске асыруға қатысу.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді
Знания, необходимые для исполнения должностных обязанностей:
Қазақ тілін білу;
Oracle Primavera P6, MS Project бағдарламаларын сенімді деңгейде меңгеру;
Игерілген көлем әдіснамасын және кесте тәуекелдерін талдау әдістерін білу;
МӨЗ жағдайындағы жобалау ( «П», «Р», FEED сатылары) және құрылыс кезеңдерінің технологиялық сатыларын түсіну;
EPC/EPCM шарттарын жасасу рәсімдері аясындағы жобаның өмірлік циклін түсіну;
Жауапкершілік, қағидаттылық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы тепе-теңдікті сақтау;
Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);
Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламаларды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Жедел жоспарлау, кросс-функционалды командаларды үйлестіру, техникалық кеңестер өткізу дағдылары;
Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;
Күрделі интеграцияланған бизнес-ортада басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара әрекет ету қабілеті;
Командада жұмыс істеу дағдылары;
Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
Жобаны іске асырудың интеграцияланған кестесін (Level 1–4) Oracle Primavera P6 жүйесінде мердігерлердің, лицензиарлардың, жабдық жеткізушілердің және жобаның басқа да қатысушыларының графиктері негізінде, оның ішінде бекітілген базалық кестені ескере отырып, әзірлейді, өзектендіреді және бақылайды;
ТЭН және FEED үшін бастапқы деректерді жинау кезеңдерін егжей-тегжейлі жоспарлайды;
Лицензиарлардың құжаттама шығару кестелерін үйлестіреді және бақылайды;
СН РК 1.02-04-2022 талаптарына сәйкес ТЭН әзірлеу мерзімдерінің сақталуын мониторингтейді;
Жобаның критикалық жолын талдайды және мерзімдердің бұзылу тәуекелдерін ерте кезеңде анықтайды;
Жобалау бойынша физикалық прогресті (сызбалар, спецификациялар, есептер саны) бақылайды;
Жобаны іске асыру кестесі, жұмыстардың орындалу статусы, ауытқу себептері, өзгерістердің жалпы мерзімге әсері бойынша қорытындылар дайындайды және графиктен ауытқу болған жағдайда түзету шараларының жоспарын әзірлейді;
Жобалау, сатып алу, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстарының нақты орындалуын бағалау тәртібін әзірлеуге қатысады және оны жобаның прогресін талдауда қолданады;
Прогресс бойынша есеп беру жүйесін (S-кривые, ресурстық гистограммалар) әзірлейді және енгізеді;
Мердігерлермен графиктерді өзектендіру бойынша апта сайынғы жиналыстар өткізеді;
ТЭН және ЖСҚ бойынша ведомстволық және мемлекеттік сараптамадан өту мерзімдерін бақылайды;
Жобалық офис пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы үшін ай сайынғы есептерді дайындайды;
Мердігерлердің ресурстық қамтамасыз етілуін (қажетті біліктіліктегі инженерлердің болуы) тексереді;
Ұзақ өндірістік циклді жабдықтардың (Long Lead Items) жеткізу кестелерін талдайды;
ПНХЗ техникалық қызметтерімен және ҚМГИ жобалық офисімен өзара әрекеттеседі;
Мерзімдік прогресс бойынша тұрақты есептер қалыптастырады;
Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитетке арналған материалдарды дайындайды;
Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды орындайды;
Жеке үлгісімен қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауға қызметкерлерді ынталандырады;
Еңбек шарты мен лауазымдық нұсқаулықта бекітілген міндеттерді орындайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттардың талаптарын сақтайды;
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
Тікелей басшының тапсырмаларын орындайды;
Құзыреті шеңберінде бөлімше жұмыстарының орындалуын жоспарлайды және үйлестіреді;
Тапсырмалардың орындалуын, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді талдайды, ауытқулар болған жағдайда түзету шараларын әзірлейді және іске асырады;
EKS порталында бөлімше туралы ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады және олармен уақтылы танысады.
Ескертпе:Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар