ҚМГ Инжиниринг (Технология және инженерлік желілер) ЖШС downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері (аутстаффинг)
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.Талаптар
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ), Инженер-химик-технолог
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:
МӨЗ технологиялық қондырғыларын (АВТ, гидротазалау/крекинг, каталитикалық крекинг, УЗК, риформинг) жобалау немесе пайдалану саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн. Технологиялардың халықаралық лицензиарларымен жұмыс тәжірибесі.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Қазақ тілін білу;
Имитациялық модельдеу бағдарламаларын (HYSYS, Aspen Plus) білу;
Мұнайды бастапқы және қайталама өңдеу процестерін терең түсіну;
EPC/EPCM шарттарын жасасу рәсімдері аясындағы жобаның өмірлік циклін түсіну;
Жедел жоспарлау (MS Project, Primavera), техникалық кеңестер өткізу дағдылары;
Жауапкершілік, қағидаттылық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мықты команда қалыптастыру;
Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);
Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламаларды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;
Күрделі интеграцияланған бизнес-ортада басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара әрекет ету қабілеті;
Командада жұмыс істеу дағдылары;
Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
Зауыт конфигурацияларының ұсынылған нұсқаларына сараптама жүргізеді және оңтайлысын таңдайды;
Материалдық баланстарды растау үшін LP-модельдеудің орындалуын бақылайды;
FEED және «П» сатысында PFD және P&ID технологиялық сызбаларын тексереді және келіседі;
Халықаралық лицензиарлардың базалық жобаларына (БЖ) техникалық аудит жүргізеді;
Қолданыстағы ОЗХ жүйесімен жаңа технологиялық қондырғылардың интеграциясын бақылайды;
Өз бағыты шеңберінде жобалық құжаттама мен техникалық шешімдер бойынша қорытынды дайындайды;
Факельдік жүйе мен қысымды түсіру жүйелерінің қуат есептерін тексереді;
Жылу баланстары мен энергия ресурстарын тұтыну есептеріне қатысады және тексереді;
Технологиялық шешімдер бөлігінде ҚОӘБ (ОВОС) есептерін қарастыруға қатысады;
Алаңішілік инженерлік желілер бөлімдерін әзірлеуді үйлестіреді;
Катализаторлар, адсорбенттер және химиялық реагенттерге арналған спецификацияларды тексереді;
Технологиялық қауіптерді анықтау мақсатында HAZOP және HAZID сессияларына қатысады және жетекшілік етеді;
Энергия тиімділігі талаптарына жобалық шешімдердің сәйкестігін бақылайды;
Қолданыстағы ПНХЗ желілеріне қосылу бойынша техникалық шарттарды (ТШ) келіседі;
Технологиялық регламенттер мен пайдалану нұсқаулықтарын тексереді;
Жобадағы кез келген өзгерістердің мерзімдер мен бюджетке әсерін бағалайды;
ПНХЗ техникалық қызметтерімен және ҚМГИ жобалық офисімен өзара әрекеттеседі;
Күнделікті, апталық және айлық прогресс есептерін қалыптастырады;
Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитетке арналған материалдарды дайындайды;
Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды орындайды;
Жеке үлгісімен қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауға қызметкерлерді ынталандырады;
Еңбек шарты мен лауазымдық нұсқаулықта бекітілген міндеттерді орындайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттардың талаптарын сақтайды;
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
Тікелей басшының тапсырмаларын орындайды;
Бөлімше қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады;
Тапсырмалардың орындалуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді талдайды, ауытқулар болған жағдайда түзету шараларын әзірлейді және іске асырады;
Бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Ескертпе: Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар