«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Downstream Жобалық офисінің жетекші инженері (сыртқы инфрақұрылым және логистика мәселелері бойынша, аутстаффинг).

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Жобалық жұмыс, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
29

   Конкурс туралы

Талаптар

Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):

Жоғары техникалық білім: Құрылыс (Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс); Мұнай-газ ісі / мұнай-газ құрылысы; Энергетика; Инженерия (өнеркәсіптік / жалпы); Жобаларды басқару (құрылыс және өнеркәсіп саласында); Сметалық іс және құрылыстағы баға қалыптастыру.

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |

Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде инфрақұрылымды пайдалану, логистика немесе ірі жобаларды техникалық сүйемелдеу салаларында ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:

Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде инфрақұрылымды пайдалану, логистика немесе ірі жобаларды техникалық сүйемелдеу салалары бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады. Жобаларды жобалау, сараптамалардан өткізу, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстары (ІҚЖ) кезеңдерінде іске асыруға қатысу тәжірибесі болуы тиіс.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Қазақ тілін білу;

Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы инфрақұрылымды пайдалану, көлік және логистика саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен техникалық стандарттарды білу;

EPC-келісімшарттарының шығындар құрылымын түсіну;

Excel бағдарламасын жоғары деңгейде меңгеру, ERP жүйелерін (SAP, 1C) білу;

EPC/EPCM келісімшарттарын жасау рәсімдері мен жоба өмірлік циклін түсіну;

Сәулет және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; ҚР ҚН және ҚР ЕЖ, сондай-ақ құрылыстағы баға белгілеу саласындағы басқа да нормативтік құжаттарды білу; халықаралық жобалау стандарттарын (ISO, API, ASME) білу; мұнай өңдеу өндірістеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;

Жауапкершілік, қағидатшылдық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын-пікір арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мықты команда құру қабілеті;

Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);

Microsoft Office, Outlook бағдарламаларын және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас жасау және қызметтік хат алмасу дағдылары;

Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;

Күрделі интеграцияланған бизнес-орта жағдайында басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау қабілеті;

Командада жұмыс істеу дағдылары;

Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, сондай-ақ өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;

Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері :

Кәсіпорынның сыртқы инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдары, инженерлік желілер, кірме жолдар, қойма және логистикалық объектілер) пайдалануды ұйымдастырады және бақылайды.

Инфрақұрылымды пайдалану және логистикалық процестер бөлігінде кәсіпорын аумағында қызметін жүзеге асыратын сервистік және мердігер ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

Сыртқы инфрақұрылым объектілерінің техникалық жай-күйін бақылайды және жөндеу-профилактикалық жұмыстардың уақтылы жүргізілуін ұйымдастырады.

Кәсіпорынның көлік-логистикалық процестерін ұйымдастырады және бақылайды.

Өндірістік бөлімшелер, мердігерлер және логистикалық қызмет көрсетушілер арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экологиялық нормалар талаптарын сақтауын бақылайды.

Техникалық құжаттаманы, өтінімдерді, жұмыс кестелерін, есептілікті және талдамалық материалдарды дайындайды.

Логистикалық процестер мен инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Сыртқы инфрақұрылымды пайдалану және логистикалық қызметтерге байланысты шығындарды есепке алуды және талдауды ұйымдастырады.

Инфрақұрылым және логистика мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қызмет көрсетушілермен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Қызмет бағыты бойынша презентациялық және ақпараттық материалдарды дайындайды.

Игерілген жұмыс көлемі бойынша ай сайынғы есептерді дайындайды.

ПНХЗ техникалық қызметтері мен КМГИ жобалық кеңсесі арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жобаның орындалу барысы туралы күнделікті, апталық және айлық есептерді қалыптастырады.

Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитет үшін материалдарды дайындайды.

Серіктестіктің ішкі регламенттеуші құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптары мен нормаларын сақтайды.

Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.

Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.

Бөлімшенің қызметіне және жұмыскердің еңбек міндеттерінің мазмұнына қатысты тікелей басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ерекше шарттар: жоқ

Ескертпе: Жұмыс ТОО «ПНХЗ» кеңсесінің базасында, Павлодар қаласында жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)