жетекші инженер жобалық офис Downstream (заңды сүйемелдеу) (аутстаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Жобалық жұмыс, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Талаптар

Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):

Жоғары заңгерлік білім. Қосымша немесе артықшылық берілетін білім бағыттары: Құрылыс (Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс); Мұнай-газ ісі / мұнай-газ құрылысы; Энергетика; Инженерия (өнеркәсіптік / жалпы); Жобаларды басқару (құрылыс және өнеркәсіп саласында); Сметалық іс және құрылыстағы баға қалыптастыру.

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |

Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда ірі жобаларды құқықтық сүйемелдеу, шарттық-құқықтық жұмыс немесе талап-арыз жұмысын жүргізу саласында кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі :

Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда, не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда ірі жобаларды құқықтық сүйемелдеу, шарттық-құқықтық жұмыс немесе талап-арыз жұмысын жүргізу саласында кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады. Жобаларды жобалау, сараптамалардан өткізу, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстары (ІҚЖ) кезеңдерінде іске асыруға қатысу тәжірибесінің болғаны құпталады.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Қазақ тілін білу;

Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді білу;

EPC-келісімшарттарының шығындар құрылымын түсіну;

Excel бағдарламасын жоғары деңгейде меңгеру, ERP жүйелерін (SAP, 1C) білу;

EPC/EPCM келісімшарттарын жасау рәсімдері мен жоба өмірлік циклін түсіну;

Қазақстан Республикасының сәулет және құрылыс саласындағы заңнамасын білу; ҚР ҚН және ҚР ЕЖ, сондай-ақ құрылыстағы баға белгілеу саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды білу; халықаралық жобалау стандарттарын (ISO, API, ASME) білу; мұнай өңдеу өндірістеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;

Жауапкершілік, қағидатшылдық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын-пікір арасындағы теңгерімді сақтау, мықты команда құру қабілеті;

Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);

Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас жасау және қызметтік хат алмасу дағдылары;

Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;

Күрделі интеграцияланған бизнес-орта жағдайында басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау қабілеті;

Командада жұмыс істеу дағдылары;

Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, сондай-ақ өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;

Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті;

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері :

Кәсіпорын қызметінің өндірістік, әкімшілік және шаруашылық мәселелері бойынша құқықтық сүйемелдеуін жүзеге асырады.

Шарттарды, қосымша келісімдерді, келіспеушіліктер хаттамаларын және өзге де заңдық құжаттарды дайындайды, құқықтық сараптамадан өткізеді және келіседі.

Сервистік және мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды.

Кәсіпорын қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындайды.

Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.

Талап-арыз жұмыстарын сүйемелдейді, ресми хаттарды, сұрау салулар мен талаптарға жауаптарды дайындайды.

Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сот және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Заңнамадағы өзгерістерді талдайды және мүдделі құрылымдық бөлімшелерді жаңа талаптар мен нормативтік өзгерістер туралы хабардар етеді.

Қызмет бағыты бойынша есептілікті, талдамалық, презентациялық және ақпараттық материалдарды дайындайды.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне заңнаманы және ішкі нормативтік құжаттарды қолдану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлігінде тексерулерді, аудиттерді және ішкі тергеп-тексерулерді сүйемелдеуге қатысады.

ПНХЗ техникалық қызметтері мен КМГИ жобалық кеңсесі арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жобаның орындалу барысы туралы күнделікті, апталық және айлық есептерді қалыптастырады.

Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитет үшін материалдарды дайындайды.

Серіктестіктің ішкі регламенттеуші құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптары мен нормаларын сақтайды.

Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.

Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.

Бөлімшенің қызметіне және жұмыскердің еңбек міндеттерінің мазмұнына қатысты тікелей басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ерекше шарттар:жоқ

Ескертпе : Жұмыс ТОО «ПНХЗ» кеңсесінің базасында, Павлодар қаласында жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)