Бухгалтер бас бухгалтерия, қаржыны есепке алу тобы № 16-08-08/289 от 01.06.2026 г. Усть-Каменогорск- 1 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
17

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Қаржыны есепке алу тобының бухгалтері ұсынылған бастапқы құжаттар негізінде «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы корпоративтік ақпараттық жүйесінде келесі шаруашылық операцияларды көрсетеді: - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің қозғалысы (Қаржылық жалдау міндеттемелерінен басқа); - банктік шоттардағы теңгедегі және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының, процес үстіндегі ақша қаражаттар қозғалысын; - банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатының қозғалысын (карт-шоттар); - депозиттік және есеп айырысу шоттарына, берілген қарыздарға, сатып алынған қаржылық инвестицияларға, сондай-ақ акциялар (қатысу үлестері) бойынша дивидендтерге есептелген сыйақыларды беруді; - қарыздар, вексельдер, бағалы қағаздар бойынша төлемге сыйақылардың қозғалысын; - банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатының қозғалысын (карт-шоттар); - депозиттік және есеп айырысу шоттарына, берілген қарыздарға, сатып алынған қаржылық инвестицияларға, сондай-ақ акциялар (қатысу үлестері)бойынша дивидендтерге есептелген сыйақыларды алуға жылжытуды; - қарыздар, вексельдер, бағалы қағаздар бойынша төлемге сыйақылардың қозғалысын; - тармақта көрсетілген шаруашылық операцияларды көрсету кезінде туындайтын дебиторлық және кредиторлық берешектің талдамалық есебін жүргізеді; - банктік шоттардағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларын түгендеуге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің дебиторлық және кредиторлық берешектерін түгендеуге қатысады; - шаруашылық операциялар бойынша өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде электрондық құжат айналымын уақтылы жүзеге асырады; - салық және қаржылық есептерді жасау үшін қажетті деректерді уақтылы ұсынады; - бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді; - жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады; - жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды;

Білім:

Жоғары (бухгалтерлік, экономикалық)

Дағдылар:

ДК, ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде меңгере білу.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайы; Жұмыс режимі және демалыс: 5 - күндізгі жұмыс аптасы кезінде - 8.00 бастап 17.00 дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеге дейін Тағылымдама - талап етілмейді

Білетін тілдер:

-

Қажетті қабілеттер

  • Наличие пользовательского уровня владения ПК, оргтехникой.