1-санаттағы маман - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалы Астана станциясындағы атқыштар командасының психологы

от 367 497
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қызметке кандидаттарды психодиагностикалық тексеру нәтижелерін талдайды, қажет болған жағдайда оларға қосымша психологиялық зерделеу жүргізеді;
  • қызметкерлерге психологиялық тексеру жүргізеді және олармен жеке-тәрбие жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • қызметтік даярлық жүйесінде психологиялық тақырып бойынша сабақтар өткізеді;
  • қызметкерлердің психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін және жедел-қызметтік іс-әрекеттің ерекшелігін ескере отырып, ұсыныстарды әзірлейді және жеке құрамның психологиялық даярлығын жүргізуге қатысады;
  • жас қызметкерлерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Филиал бөлімшелеріндегі әлеуметтік-психологиялық ахуалды және басшылық жасау стилін зерделейді;
  • кадрлардың тұрақтамауының, тәртіп пен заңдылықтың бұзылуының, науқастанудың, өзін-өзі өлтірудің, қызметкерлердің кәсіби қиындықтары мен қателіктерінің психологиялық себептеріне талдау жүргізеді;
  • жеке құрамның психологиялық жай-күйіне және кәсіби қызметіне теріс әсер ететін жедел-қызметтік қызмет факторларын, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды анықтайды;
  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне жеке-психологиялық консультация жүргізеді;
  • экстремалды жағдайларда қызметтік міндеттерін орындағаннан кейін қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсетеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Психология, педагогика, әлеуметтік жұмыс
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр