Лауазымдық жауапкершілік:
Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын білу және сақтау.
Экспедиция қызметкерлерінің еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауына бақылау жүргізу.
Бастапқы есепке алу құжаттамасының бірыңғай нысандарына сәйкес филиалдың жеке құрамының есебін жүргізу.
Өндірістік бұйрықтардың жобаларын дайындау, еңбек, оқу және заңнамада көзделген өзге де демалыстарды беру кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу.
Қызметкерлерді еңбек заңнамасына, «Волковгеология» АҚ филиалы ГРЭ №5 экспедициясы бастығының ережелері мен бұйрықтарына (бұдан әрі – Экспедиция бастығы) сәйкес жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдеу, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген өзге құжаттаманы жүргізу.
Экспедиция қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, олардың еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді енгізу.
Филиалдың жеке құрамының есебін жүргізу, қызметкерлерге қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, белгіленген кадрлық есептілікті жүргізу, қызметкерлерді көтермелеу және марапаттауға ұсыну үшін материалдар дайындау.
Құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау.Білім:
Жоғары білімДағдылар:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Адам ресурстарын басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері;
Қоғамның даму стратегиясы және кадрлық саясаты;
Қоғамның ішкі регламенттеуші құжаттары;
Еңбек нарығының жай-күйін білу;
Кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті анықтау, болжамдар жасау тәртібі;
Персоналды бағалау жүйелері мен әдістерін білу;
Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) нормативтік құжаттары.Қосымша:
Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде кәсіби және іскерлік әдеп нормаларын сақтау.
Құрылымдық бөлімшенің ықтимал немесе анықталған тәуекелдері (операциялық мәселелер, рәсімдердің бұзылуы немесе теріс пайдалану фактілері) туралы тиісті деңгейдегі басшыны уақтылы хабардар ету.
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау.
Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.
Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялылығы жөніндегі талаптарды сақтау.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау.
Қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамада белгіленген шектерде материалдық залал келтіргені үшін жауапты болу.Білетін тілдер:
Қазақ, орыс