Қазтемiртранс АҚ Ақмола филиалы пайдалану жұмысы жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы (Нұрсұлтан станциясы)
- Құрылған күні:
-
15.06.2026
- Берілген өтінім:
- 7
- Қаралған саны:
- 139
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Операцияға тартылған вагондардың бөлінуін тәулік бойы жедел қадағалайды;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және НПФ-ға жылжымалы құрамды тиімді пайдалану мәселесі бойынша кеңес береді;
- НПФ бойынша вагондарды тиеу/түсіру, вагондардың бос паркінің болуы, "ҚТЖ "ҰК"АҚ ішкі және сыртқы түйіспелері бойынша тапсыру/қабылдау туралы алдын ала ақпарат жинайды.
- Өз құзыреті шегінде Қоғам басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды;
- Қоғамның вагондарын пайдалану және оларды басқару бойынша, сондай-ақ жүк жұмысына қатысты өзге де ақпараттар бойынша қажетті анықтамалар мен есептіліктерді Winterm бағдарламалық қамтамасыз етуінен, «ДКР» АБЖ, «МР» АБЖ, «ПЛАН» АЖ, «КТТ» АБЖ және басқа да ақпараттық жүйелерден күн сайын сұрату және қалыптастыруды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Сала мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомативтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Жүк және коммерциялық жұмыс; Темір жол көлігіндегі көліктік логистика;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, басшы лауазымында кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр