ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГ (1 орын)

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
2299

   Конкурс туралы
Талаптар: 
  • I санатты инженер-технолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санатты инженер-технолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
  • ІI санатты инженер-технолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер-технолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • санаты жоқ инженер-технолог: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын, кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білуі тиіс:
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, өндірісті техникалық дайындау бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды;
  • өнім өндіру технологиясын;
  • жаңа техника мен технологияны, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау әдістерін;
  • ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;
  • еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану қағидаларын.

Қажетті дағдылар:          
      
  • компьютерде жұмыс істеу дағдылары, жұмыста қажетті арнайы бағдарламаларды қоса алғанда: Microsoft Word, Excel MS Office, MS Office, AutoCad, PI System;
  • жұмыстарды басқару, жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары.