«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Сметалық-құжаттамалық жұмыстар жөніндегі жетекші маманы
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жалпы құрылыс жұмыстары мен қарапайым инженерлік желілер бойынша сметалар жасау;
- Мердігерлер ұсынған орындалған жұмыстар актілерін (Р-1, КС-2) тексеру;
- Материалдардың құнын негіздеу үшін нарықтан прайс-парақтарды жинау.
Талаптар:
- Жоғары білім (құрылыс немесе экономика саласында);
- Сметалық іс саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Кез келген құрылыс немесе жобалау компаниясында жұмыс тәжірибесі;
- Энергетика немесе IT саласындағы тәжірибе құпталады, бірақ міндетті емес;
- Негізгі талап: кемінде 1–2 сәтті аяқталған және қабылданған объект бойынша тәжірибенің болуы (бағытына қарамастан).
Негізгі техникалық дағдылар (Hard Skills):
- АВС-4 бағдарламасы: еркін меңгеру (Қазақстан үшін негізгі талап). Сметаларды шығару және ресурстық ведомостарды жасау қабілеті;
- Ресурстық әдіс: баға қалыптастырудың ресурстық әдісінің қағидаттарын түсіну;
- Сызбаларды оқу: сызбадағы іргетасты жабыннан ажырата білу, бетон көлемін немесе кабель ұзындығын есептей алу;
- MS Excel: кестелермен жұмыс істеу дағдылары (ВПР, қарапайым формулалар) – жабдық бағаларын талдау үшін маңызды.
Жеке қасиеттер (Soft Skills):
- Үйренуге бейімділік: «чиллерлер», «ҮҚК (ИБП)» және «сұйықтықпен салқындату» сияқты ұғымдарды тез меңгеруге дайын болу;
- Ұқыптылық: есептеулерде қателік жібермеу және сандардың дәлдігіне мән беру;
- Адалдық: мердігерлердің жұмыс көлемдерін тексеру кезінде мүдделер қақтығысының болмауы.
Еңбек шарттары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналстыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас менеджері (17 Грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.06.2026 | 933
от 652 848
Ақтау қаласындағы филиал инженері
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.06.2026 | 2085
Технолог-инженер
«QazaqGaz Processing » ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.06.2026 | 532