"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Механизация және көлік цехының бастығы
Біліктілік талаптары
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Диплом бойынша мамандығы (бейіні) |
Техникалық |
|
Жұмыс тәжірибесі (бейінді) |
Көлік қызметін ұйымдастыру саласындағы инженерлік-техникалық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі. |
|
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, жыл |
Кемінде 5 жыл
|
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
|
Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар |
Электр қауіпсіздігі бойынша кемінде II біліктілік тобы болуы тиіс; өз бетінше жұмыс істеуге жіберілгенге дейін өндірісте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқытудан өтуі, сондай-ақ лауазымға тағайындалған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – ҚТҚ), еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚ), арнайы қағидалар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – ТПҚ), энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – ӨҚҚ), лауазымдық нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар бойынша білімін бастапқы тексеруден өтуі тиіс. ҚТҚ, ЕҚ, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, арнайы қағидалар, ТПҚ, ӨҚҚ, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтар бойынша білімін Филиалдың біліктілік комиссиясында кемінде 3 жылда бір рет мерзімдік тексеруден өткізуі тиіс; өндірісте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқытудан жылына бір рет өтуі тиіс; міндетті мерзімдік медициналық тексеруден жылына бір рет өтуі тиіс. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Цех қолданатын құжаттар тізбесімен айқындалған көлемде автокөлікті пайдалану, автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі саласындағы салалық қағидаларды, нормалар мен талаптарды білуі тиіс; автокөлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында тиісті теориялық және практикалық даярлығы болуы тиіс.
|
|
Лицензиялар, сертификаттар |
|
|
Қосымша талаптар |
Дербес компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі тиіс; өкімдік құжаттар мен хаттамалық шешімдерді дайындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік және ресми тілдерді білуі тиіс; бөлімшеге жүгінген кезде мазмұны күрделі емес және көлемі шағын құжаттарды, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілін аударуды қамтамасыз ете алуы тиіс. |
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- Цехқа және Филиалдың басқа бөлімшелеріне бекітілген автокөлік паркін, жүк көтергіш және арнайы машиналарды, тракторларды, арнайы механизмдерді жөндеуді, профилактикалық пайдалану жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді жоспарлауды және жүргізуді ұйымдастырады;
- станоктар паркін және автокөлік паркіне, арнайы машиналар мен арнайы механизмдерге жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтарды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жоспарлауды және жүргізуді ұйымдастырады;
- автокөлік құралдарының, тіркемелердің техникалық байқауларын және жүк көтергіш механизмдерді (бұдан әрі – ЖКМ), мұнараларды белгіленген мерзімдерде куәландыруды ұйымдастырады;
- автокөлік құралдарын, ЖКМ-ді, арнайы машиналарды, арнайы механизмдерді және өзге де жабдықтарды қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес пайдалануды ұйымдастырады;
- Филиал бөлімшелерін олардың өтінімдері бойынша жөндеу-пайдалану және шаруашылық жұмыстарын орындау үшін көлік құралдарымен, ЖКМ-мен, арнайы машиналармен, тракторлармен және арнайы механизмдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- Филиал персоналын жұмыс орнына және жұмыстан тұрғылықты жеріне дейін көлікпен жеткізуді ұйымдастырады;
- Аймақтық диспетчерлік орталықтың кезекші персоналын тәулік бойы көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
- Цехтің жабдықтарға, шағын механикаландыру құралдарына, автотехникаға, қосалқы бөлшектерге, жинақтаушы бұйымдарға, материалдарға, құрал-саймандарға, арнайы киімге және қорғаныс құралдарына қажеттілігі бойынша өтінімдерін жасайды;
- Цех аумағын, ғимараттарын, үй-жайларын және жұмыс орындарын ҚТҚ, ӨҚҚ және өнеркәсіптік санитария талаптарына сәйкес күтіп ұстауды ұйымдастырады;
- Филиал базасының аумағын және кірме автомобиль жолдарын қар басудан тазартуды ұйымдастырады;
- ҚТҚ және санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес Цех қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
- күзгі-қысқы және су тасқыны кезеңдеріндегі жұмысқа дайындық, өрт қауіпсіздігі және басқа да іс-шараларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
- белгіленген регламентке сәйкес есептік құжаттаманы дайындауды және ұсынуды ұйымдастырады;
- Цехтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ-ның, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының, Филиалдың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына және еңбек шарттарына сәйкес бағынысты персоналдың еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;
- авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ мұндай жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
- жұмыс істейтіндердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда агрегаттардың, жекелеген жабдықтардың жұмысын тоқтатады;
- технологиялық процестерді жүргізу және өндірістік операцияларды орындау кезінде, аспаптарды, арматураларды, коммуникацияларды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету барысында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
- нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес персоналмен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның орындалуын бақылайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- қызметкерлерді жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау талаптары, денсаулыққа зиян келтірудің ықтимал тәуекелдері, өздеріне тиесілі өтемақылар және жеке қорғаныш құралдары туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
- қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғаныш құралдарымен, сақтандыру құрылғыларымен, сабынмен және ауыз сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын дұрыс қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;
- бағынысты персоналмен болған өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді. Басшылықтың өкімі бойынша жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады. Олардың мән-жайлары мен себептерін талдайды, олардың туындауына әкелетін кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдайды;
- бағынысты персоналдың жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға қатысады;
- бағынысты персоналдың міндетті мерзімдік медициналық тексерулерден өтуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өтпеген жағдайда немесе медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде еңбек міндеттерін орындауға жібермеуді қамтамасыз етеді;
- Цех туралы ережені әзірлейді. Аталған ереженің уақтылы өзектендірілуін және қайта қаралуын жүзеге асырады;
- жұмысшылардың барлық кәсіптері мен жұмыс түрлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, Цех мамандары үшін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды белгіленген тәртіппен басшылықтың бекітуіне ұсынуды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің осы нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуін бақылайды және олардың қатаң сақталуын талап етеді. Аталған нұсқаулықтардың уақтылы қайта қаралуын және ауыстырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- қызметкерлердің жаңа және қайта қаралған нұсқаулықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды уақытылы зерделеуін ұйымдастырады;
- жұмыс орындарын қажетті журналдармен, технологиялық карталармен, схемалармен және өзге де құжаттамамен, плакаттармен, ескерту жазуларымен, белгілермен, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі стендтермен қамтамасыз етеді. Олардың сақталуын және тиісті жағдайда ұсталуын бақылайды.
- айына кемінде бір рет жұмыс орындарының, құрал-саймандардың, аспаптардың, дабыл беру және бұғаттау құрылғыларының, қоршаулардың, желдету жүйелерінің, үй-жайлар мен құрылыстардың жай-күйін, сондай-ақ оларды пайдаланудың қауіпсіздігін тексереді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;
- хабарлау және дабыл беру жүйелері мен құрылғыларының тұрақты түрде жұмысқа жарамды күйде ұсталуын қамтамасыз етеді;
- ақаулық ведомостеріне анықталған қауіптерді жоюға немесе қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шараларды енгізуді және оларды жөндеу барысында орындауды қамтамасыз етеді;
- газдану мен шаңдануды болдырмау, шу мен діріл деңгейлерін төмендету, желдету және жылыту қондырғыларының дұрыс пайдаланылуын, өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарында қалыпты микроклиматтық жағдайлар мен қажетті жарықтандыру деңгейінің қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
- еңбекті қорғау қағидаларына сәйкес рәсімдеуді талап ететін жұмыстарды орындауға арналған өкімдердің дұрыс берілуін бақылайды;
- актілерде, жоспарларда, бұйрықтар мен өкімдерде көзделген немесе еңбекті қорғау жай-күйін тексеру актілерінде көрсетілген еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамалардың, ұсыныстардың және іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді;
- жұмысшылар мен мамандарды оқытудың барлық түрлерін (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша) және нұсқама беруді, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптары, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидалары мен нұсқаулықтары, өндірістік санитария бойынша білімдерін тексеруді уақтылы әрі сапалы өткізуді қамтамасыз етеді. Жаңадан қабылданған және басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлерге жұмыс орнындағы нұсқамаларды тіркеу журналына жазба енгізе отырып, алғашқы нұсқама өткізеді;
- мемлекеттік және салалық нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау талаптары бойынша оқытудан, нұсқама беруден, тағылымдамадан және білімін тексеруден өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеуді қамтамасыз етеді;
- Цех персоналының өндірістік кеңестерінде:
еңбекті қорғау жағдайын және жекелеген қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын орындауға көзқарасын қарайды;
жұмыс орындарын, жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сақтандыру құрылғылары мен қоршауларды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді талқылайды;
жазатайым оқиғалар мен басқа да оқыс жағдайлар туралы хабарлайды;
еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі бұйрықтарды, өкімдерді және нұсқауларды қызметкерлердің назарына жеткізеді;
персоналды өндірістік жарақаттану жөніндегі шолулармен таныстырады, осындай жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қарайды, қағидалардың бұзылу фактілерін, олардың салдарын, еңбек тәртібін нығайту, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талдайды; еңбекті қорғауға қатысты бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да материалдарды қызметкерлердің назарына жеткізеді;
- өзіне берілген өкілеттіктер шегінде тәртіптік жазалар қолданады, тәртіп бұзушыларға қатысты тәртіптік шаралар қабылдау үшін материалдарды Филиал директорына ұсынады;
- үлгілі тәртібі және қызметкерлердің еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына белсенді түрде жәрдемдескені үшін бағынысты персоналды көтермелеуге қатысты материалдарды Филиал басшылығына ұсынады;
- өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы Филиал басшылығына дереу хабарлайды;
- Филиал директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарының жекелеген біржолғы тапсырмаларын орындайды;
- Цехке сыртқы ұйымдар көрсететін қызметтерді орындауға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде SAP «Materials Management» жүйесінің «Сатып алуларды және материалдық ағындарды басқару» модулінде өтінімдерді бұғаттан шығарады, сондай-ақ SAP «Plant Maintenance» жүйесінің «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» модулінде тапсырыстарды мақұлдайды;
- Филиалдың автокөлік құралдары мен арнайы техникасын жөндеу жұмыстарын орындауға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде SAP «Plant Maintenance» жүйесінің «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» модулінде тапсырыстарды мақұлдайды;
- автокөлік құралдары мен арнайы техникаға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде SAP «Plant Maintenance» жүйесінің «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» модулінде тапсырыстарды мақұлдайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)