«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы Құрық агенттік пунктінің басшысы

Жалақы көрсетілмеген
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» Құрық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Филиал директорының агенттік пункттің (АП) қызметіне қатысты бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;
  • Кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органдары бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қолдайды;
  • Кедендік заңнама шеңберінде және шарттық талаптарға сәйкес клиенттермен тұрақты өндірістік байланыстар орнатуды және жүк кедендік ресімдеу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Филиал және Қоғам клиенттерімен кедендік ресімдеу қызметтерін көрсету бойынша келіссөздерге дайындық жүргізеді және оларға қатысады;
  • Құзыреті шегінде сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • АП құзыреті шеңберінде тасымалданатын тауар иелері мен кеден органдары арасындағы өзара есеп айырысуларды ұйымдастырады;
  • Клиенттерге тауарларды кедендік ресімдеу мәселелері бойынша кеңес береді;
  • Тексеру нәтижелері бойынша түзетуші және алдын алу іс-қимылдарын әзірлеуге қатысады және олардың іске асырылуына ықпал етеді (бөлімше қызметіне қатысты шеңберде);
  • Сыртқы экономикалық байланыстар және кедендік ресімдеу құжаттары бойынша іс жүргізу мен есептілікті Филиал құзыреті шегінде жүргізеді;
  • Қоғамның сапа саласындағы саясатын іске асыруға қатысады (бөлімше қызметіне қатысты шеңберде);
  • Құзыреті шегінде кеден заңнамасын бұзғаны үшін Қоғам мен Филиалды әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдайды;
  • Келесі ұйымдармен құжат айналымын бақылауды жүзеге асырады:
    • тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органдары және олардың бөлімшелерімен;
    • жүктерді Қоғам атына жеткізетін кедендік тасымалдаушылармен, сондай-ақ жүктерді қоймаға орналастыру мәселелері бойынша уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) иелерімен;
    • кеңес беру, ақпарат беру және қажетті есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Филиал мен Қоғамның ішкі құрылымдық бөлімшелерімен;
    • кедендік ресімдеу мәселелері бойынша үшінші тарап ұйымдарымен.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Экономика; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Халықаралық құқық; Кеден ісі; Ақпараттық жүйелер; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшының орынбасары (бөлім басшысы) лауазымында кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр