«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы Құрық агенттік пунктінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Агенттік пункттің жұмысына қатысты бұйрықтар мен өкімдерді уақтылы орындау;
- Жүктерді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қолдайды;
- Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы белгіленген өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жасауды қамтамасыз етеді:
- қажет болған жағдайда Қоғамның атына көліктің кез келген түрімен келетін тауарларды (жүкті) қарсы алады;
- сенімхат бойынша тауарға ілеспе құжаттардың түпнұсқаларын алады;
- УСҚ жеткізуді және тіркеуді ұйымдастырады;
- есептілік құжаттарын ресімдейді;
- Қоғам атынан кеден органдарына құжаттарды береді;
- кедендік ресімдеу кезеңдерін қадағалайды.
- Кедендік шекара арқылы өткізу пункттерінде кеден органдарына ұсынылатын кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету;
- Тауарға арналған декларацияны (ТД), транзиттік декларацияны (ТД), кедендік құн декларациясын (КҚД) теру жөніндегі жұмысты және кедендік ресімдеуді жүргізу үшін кеден органдарына одан әрі беру үшін кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға арналған декларацияны (КДТ) түзету қажет болған кезде орындайды;
- Көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда көрсетілген өткізілетін тауарлар туралы мәліметтердің дұрыстығын тексереді;
- Тауарға ілеспе және өзге де құжаттардағы мәліметтер негізінде тиісті кедендік рәсімде тауарларды декларациялауды жүргізед.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Экономика; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Халықаралық құқық; Кеден ісі; Ақпараттық жүйелер; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол саласына қатысты мамандықтар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр