ІЖҚ-26 жетекші инженер-технолог (жабдықтау) "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесінің дирекциясы"филиалының Достық пайдалану вагон депосы

409 129 - 423 515
ВЧД-26 ДОСТЫКСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО (1 группа) Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
33

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Сатып алу процесін ұйымдастыру, өткізу және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін веб-сайтта орналастыру, сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.
  • Компания бюджеті шығындарын оңтайландыру. Жасалатын шарттардың дұрыстығын бақылау.
  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында, сондай-ақ Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру;
  • Өтпей қалған сатып алулардың қорытындысы бойынша бағаларға қайта маркетингтік зерттеу жүргізу үшін орталық аппаратқа өтінімдерді қалыптастыру (Регламенттің №3 қосымшасына сәйкес);
  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға берілген әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын қарау және сатып алу қорытындыларын хаттама түрінде шығару;
  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттарды келісу және жасасу;
  • Жеткізушілермен есеп айырысу үшін жасалған шарттар туралы ақпаратты «SAP» бағдарламасының деректер базасына енгізу;
  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға берілген әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын қарау және сатып алу қорытындыларын хаттама түрінде шығару.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Маркетинг; Экономика, Менеджмент, Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі).
  • Жұмыс өтілі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр