«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Корпоративтік сектор менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Шетелдік элементі бар шарттардың, құпиялылық туралы келісімдердің (NDA), ынтымақтастық туралы меморандумдардың (MoU), бірлескен қызмет туралы келісімдердің (JVA) және өзге де құжаттардың жобаларын дайындауға, құқықтық сараптауға және келісуге қатысу;
  • Шетел құқығын қолдану және халықаралық шарттық тәжірибе мәселелері бойынша құқықтық қорытындылардың, анықтамалардың және өзге де талдамалық материалдардың жобаларын дайындау;
  • Шетелдік контрагенттермен орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін келіссөздер мен іскерлік хат-хабарларды сүйемелдеуге қатысу;
  • Шетелдік инвесторлардың, мердігерлердің және контрагенттердің қатысуымен жасалатын шарттар мен жобалар бойынша заңдық тәуекелдерді талдауға қатысу, оларды азайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  • Халықаралық шарттық жұмыс мәселелері бойынша үлгілік шарттарды, келісімдерді, құжат үлгілерін және чек-парақтарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
  • Шарттық құжаттаманың Қазақстан Республикасы заңнамасының, қолданылатын шетел құқығының және халықаралық іскерлік тәжірибенің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қатысу;
  • «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС қатысушыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қатысу;
  • «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық сүйемелдеуге қатысу;
  • Қатысушылардың жалпы жиналысының қарауына шығарылатын қорытындылардың, анықтамалардың, шешімдердің және өзге де материалдардың жобаларын дайындау;
  • Қатысушылардың жалпы жиналысы шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын үйлестіруге қатысу және олардың іске асырылуын бақылау;
  • Жүктелген функциялар шеңберінде корпоративтік рәсімдердің және Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Корпоративтік сектордың Бас менеджері уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім (артықшылық беріледі);
  • Қосымша білім (LL.M.), қосымша біліктіліктер (Нью-Йорк штатының құқығы, ағылшын құқығы және т.б. бойынша). Халықаралық арбитраж, жылжымайтын мүлік немесе корпоративтік құқық бойынша курстардың болуы артықшылық болып табылады;
  • Заңгерлік мамандық бойынша кемінде 5 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі;
  • Заңды тұлғаның басқару органдарымен жұмыс тәжірибесі;
  • Квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі;
  • Халықаралық инвесторлармен немесе шетелдік мердігерлермен жұмыс тәжірибесі;
  • Халықаралық келіссөздерге қатысу тәжірибесі;
  • Заңнамалық деректер базаларымен және ағылшын тіліндегі іскерлік хат-хабармен жұмыс тәжірибесі;
  • Жылжымайтын мүлік, жобалық құрылыс, коммерциялық жалдау саласында инхаус-заңгер немесе заң фирмасында консультант ретінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • BTS/lease немесе ұқсас жобаларды дайындау және жүргізу тәжірибесінің болуы құпталады.

Кәсіби білімдері:

  • Халықаралық жеке құқық және халықаралық шарттық тәжірибе негіздері;
  • Шарттық және коммерциялық қатынастар бөлігіндегі ағылшын құқығының негіздері;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық, корпоративтік және әкімшілік заңнамасы;
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңнама;
  • Корпоративтік басқару негіздері;
  • Басқару органдарының шешімдерін дайындау және қабылдау рәсімдері;
  • Іскерлік хат-хабар жүргізу және қызметтік материалдарды дайындау қағидалары;
  • Ағылшын тіліндегі заң терминологиясы және екі тілдегі шарттық құжаттамамен жұмыс тәжірибесі;
  • Келіссөздер жүргізу және оларға қатысу дағдылары, компанияның ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
  • Орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша);
  • Сапалы шарттар дайындау қабілеті;
  • Үлгілік шарттарды, шаблондарды және чек-парақтарды енгізу бойынша практикалық тәжірибе.

Еңбек жағдайлары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақтылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)