Жетісу» желілік-өндірістік басқармасының АТ және ТК инженері (Талдықорған қ.)

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
2093

   Конкурс туралы
  • МІНДЕТТЕРІ:

    • ЖӨБ мен Филиалдың байланыс жүйелерінің барлық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарының барысына бақылау жүргізуді  жүзеге асырады.;
    • аппаратурадағы ақауларды іздеу және жою жұмыстарына, өлшеулер жүргізуге, байланыс жүйелерін баптау жұмыстарына қатысады.;
    • байланыс жүйелеріне профилактикалық жұмыстар жоспарының орындалуына бақылау жүргізеді.;
    • байланыстың жаңа түрлерін және олардың технологияларын енгізу бойынша ағымдағы және келешектегі жоспарларды әзірлеуге қатысады;
    • байланыс құралдарының қосалқы бөлшектері мен материалдарының апаттық қорының жай-күйіне бақылау жүргізеді;
    • Жобаланатын және қайта жаңғыртылатын байланыс жүйелеріне арналған техникалық шарттарды әзірлеуге қатысады;
    • байланыс жүйелері құралдарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізеді.;
    • радиобайланыс аппаратурасын жаңғырту, ағымдағы пайдалану және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.;
    • байланыс құралдары жабдықтарын жаңадан монтаждау және күрделі жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жүргізуге қатысады.
    • «Жетісу» ЖӨБ-ның белсенді желілік жабдықтарын пайдалануға бақылау жүргізеді және ЖӨБ-да электрондық поштаның және интернет-ресурстарға қолжетімділіктің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
    • ЖӨБ пайдаланушылары мен қызметкерлерінің құпия ақпараттарының таратылмауын қадағалай отырып, деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
    • ЖӨБ-дағы бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмысында тәуекелдер мен ақаулар туындаған жағдайда басшылықты хабардар етеді және қажетті шараларды қабылдайды.
    • ЖӨБ үшін жаңа немесе ауыстырылатын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, орнату және сатып алу кезінде тұжырымдамалар, техникалық шешімдер мен ұсынымдарды әзірлейді және ұсынады;
    • Көрмелерге, семинарларға, тренингтерге қатысады, біліктілігін арттырады, техникалық әдебиеттермен жұмыс істейді.
    • тікелей басшының талабы бойынша қызметке қатысты қажетті есептік-жоспарлық құжаттаманы дайындайды;
    • жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруды және жабдықтарды, механизмдерді, құрылғылар мен құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ объектілерде қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын жасайды.
    • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қызметтің жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін бақылап, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды;
    • Қоғамның рәсімдеріне сәйкес, Филиалдың басқа бөлімшелері/лауазымды тұлғалары сұратқан ақпаратты құрылымдық бөлімшелер қызметтерінің уақтылы және сапалы ұсынуын бақылауды жүзеге асырады;
    • ЕҚСБӨТ талаптарына сәйкес қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге, өндірістік және еңбек тәртібін нығайтуға, сондай-ақ жұмыс орнында тәртіпті сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
    • Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметі нәтижелілігін бағалау қорытындылары бойынша, сондай-ақ БМЖ-ның ішкі және сыртқы аудиттерінің нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерге қатысты түзетулер мен түзетуші іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

    Талаптары:

    • Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе орта техникалық) білімі.;
    • Жалпы еңбек өтілі – кемінде 3 жыл.
    • Кәсіби салада – кемінде 3 жыл.