мотовоз маинисті
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Тракторшы ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу мен нұсқамалар барысында меңгерген талаптарды, сондай-ақ осы нұсқаулықта көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.
1.3. Тракторшыға арнайы киім ретінде мыналар беріледі:
- мақта матадан тігілген костюм;
- резеңке немесе кирза етік;
- құрама қолғап.
Қысқы кезеңде қосымша беріледі:
- мақта матадан тігілген жылы күртеше мен шалбар;
- резеңке табанды жылы кирза етік;
- жылы қолғап.
1.4. Тракторларды пайдалану кезінде трактордың, ол тасымалдайтын машиналар мен агрегаттардың қозғалыс сипатымен, трактордың айналмалы және қозғалмалы бөліктері мен тораптарымен, сондай-ақ құрылыс алаңында басқа машиналар мен энергетикалық жүйелердің (электр беру желілері, жылу желілері) қауіпті аймағында жұмыс істеумен байланысты қауіпті өндірістік факторлар туындауы мүмкін. Сонымен қатар, тракторшының қазаншұңқырлар мен орлардың маңында, еңістерде жұмыс істеуі, қар жамылғысының болуы және басқа да жағдайлар қауіпті факторларға жатады.
1.5. Тракторшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлар негізінен іштен жану қозғалтқышының жұмысымен байланысты. Қозғалтқыш жоғары деңгейдегі шу мен діріл шығарады. Сонымен қатар, пайдаланылған газдардың құрамында тракторшының улануына әкелуі мүмкін аса улы заттар болады.
1.6. Трактордың салқындату жүйесінде дизель отынын, бензинді және төмен температурада қатпайтын сұйықтықтарды пайдалану тракторшының санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларына кері әсер етеді.
1.7. Тракторшыға жоғарыда аталған факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту дайындаушы зауыттың нұсқаулығында және осы нұсқаулықта көзделген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін орындау арқылы қамтамасыз етіледі.
1.8. Тракторшы жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтауға міндетті. Құрал-саймандар мен мүкәммал арнайы бөлінген жерде сақталуы тиіс. Көлік құралының кабинасында бөгде заттарды сақтауға тыйым салынады.
1.9. Өрт сөндіру құралдары арнайы бөлінген жерде сақталуы тиіс. Олардың жарамдылығы қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мерзімді түрде тексеріліп отыруы қажет.
Біліктілік талаптары:
- Білімі : орта, мотовоз көлігіне басқару құғығы куәлігі
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтілісіз
Қосымша талаптар:
1.10. Тракторға жанармай мен май құю қозғалтқыш өшірілген кезде жанар-жағармай құю машиналарының көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Ерекше жағдайларда құрылыс алаңында жанармайды арнайы мүкәммал мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып құюға жол беріледі.
1.11. Механизмдер мен құрылғылардың барлық ақаулары туралы тракторшы механикке немесе жұмыстың тікелей басшысына дереу хабарлауға міндетті.
1.12. Тракторшы құрылыс жағдайында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың адам ағзасына әсері кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін меңгеруі тиіс.
1.13. Жұмыс уақытында немесе жұмыс орнында алкогольдік ішімдіктерді, есірткілік және уытты заттарды пайдалануға жол берілмейді.
1.14. Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамағаны үшін жұмыскер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар