"Қазтеміртранс"АҚ Семей филиалының тиеу - түсіруді қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженер-технологы

от 409 129
АО "Қазтеміртранс" Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
81

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жұмыс паркі бойынша көрсетілген шығыстар сомаларының жиынтық кестесін уақтылы және дұрыс құрастыруды қамтамасыз етеді;
  • Теміржол тарифі, қосымша алымдар, вагондардың тоқтап қалуы және вагондардың жұмыс паркі бойынша станциялық жолдарда жүктерді сақтау бойынша шығыстарды бақылауды жүзеге асырады;
  • Вагондардың жұмыс паркі бойынша "жеке кабинетте" тізбелермен жұмыс жүргізеді;
  • Кейіннен "СТЖ-кешен" бағдарламасына жүктей отырып, вагондардың жұмыс паркі бойынша вагондардың тоқтап қалуы және жүктерді сақтау бойынша шығыстардың пономерлік тізілімін жасайды;
  • "СТЖ-кешен" жүйесінде вагондардың тиесілігін тексеру кезінде бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

 

 

 

Біліктілік талаптары:

"АҚ Қазтеміртранс" (Семей) жүктеу және түсіру қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженер-технологі
жоғары
Көлік, көліктік техника және технологиялары, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
Тиісті салада кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр