«KTZ Express» АҚ Логистика департаментінің әдіснама және тариф белгілеу тобының бас менеджері (18 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
147

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның логистика департаментінің әдіснамасы және тариф белгілеу жөніндегі топ қызметкерлеріне жалпы басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
  • Қоғамның тарифтік саясатын іске асыру;
  • Қоғам көрсететін қызметтер үшін Базалық тарифтік шарттарды қолдану бойынша тарифтік басшылықты (бұдан әрі - тарифтік басшылық) «KTZ Express» АҚ-ға меншік құқығында не өзге де негіздерде тиесілі фитингтік платформалармен жұмыс істеу тарифін және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді есептеу әдістемесін (бұдан әрі - Әдістеме) әзірлеу және бекіту;
  • Тарифтік басшылық пен әдістемені қоғамның өндірістік процестеріне бейімдеу;
  • Тарифтік басшылық пен Әдістемені қолдану бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына кеңес беру;
  • «KTZ Express» АҚ меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі әдістемені әзірлейді және бекіту;
  • Қоғамның тарифтік органы ретінде тарифтік комиссияның жұмысын ұйымдастыру арқылы арнайы тарифтік шарттарды белгілеу;
  • Тарифтік Комиссияның отырысын ұйымдастыру үшін құжаттарды (өтінімдер, дебиторлық берешек бойынша материалдар, шарттардың болуы (шарттар базасы), тасымалдау бағытын талдау, базалық тарифтерді талдау) дайындау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Маркетинг; Бизнес-әкімшілендіру; Логистика (салалар бойынша); Экономика; Менеджмент, Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; көлікті (темір жол көлігін) Тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр