Қашаған және Қарашығанақ (аутстаффинг) жобаларын басқару бөлімінің жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
1521

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары, техникалық және / немесе экономикалық.
  • МВА/басқа лауазымының тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • мұнай-газ саласында, мұнай-газ жобаларының менеджменті мен экономикасы саласында  кемінде 4 жыл.

Басқару тәжірибесі:

  • Талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобындағы/мұнайгаз саласындағы жұмыс тәжірибесі

  • ҚМГ ЕТҰ-ға және/немесе ірі мұнай-газ жобаларына артықшылық беріледі
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану технологиясы саласында;
  • жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласында;                                                    
  • жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын жүзеге асыру, қаржы-экономикалық қызмет, акционерлік қоғамдар қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;                                                  
  • Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамасы саласында;               
  • экологиялық, өрт және ақпараттық қауіпсіздік саласында;                                             
  • ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;       
  • сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында (құзырет шеңберінде);                                                      
  • мүмкіндігінше мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі (жазбаша және ауызша).
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • мұнай-газ кен орындарын игеруді жобалау дағдылары;                                              
  •  сандық деректермен жұмыс істеу және оларды талдау дағдылары;                      
  • кен орындарын игеру жағдайын, техникалық құжаттарды, қаржылық есептілікті талдау дағдылары;
  • келіссөздер жүргізу, есептілік пен таныстырылымдар дайындау дағдылары;                                                       
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;                                                      
  •  есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;            
  • MS Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Жобаның кен орындарын игеру жобаларының/бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті, мұнай операцияларын орындау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Жобаның кен орындарын игерудің ағымдағы жай-күйін талдауды жүзеге асырады;                                           
  • Жобаның жылдық жұмыс бағдарламалары мен бюджеттеріне сараптама жүргізеді, жетекшілік ететін ЕТҰ-ның Бизнес-жоспарларын қарауды және келісуді, басшылық үшін есептер мен ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады;                                            
  • Жобада мұнай операцияларын орындау тиімділігін және олардың ҚР заңнамасының және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді;                                
  • Жоба операторының және жетекшілік ететін ЕТҰ-ның мерзімді есептілігіне талдау жасайды, тиісті ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады;                                           
  •  ҚМГ/ЕТҰ мүдделі департаменттерімен, Жоба операторымен және ҚР мемлекеттік органдарымен Жобаның кен орындарын игеру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді, жұмыс топтарына қатысады, құзыреті шеңберінде ҚМГ мүддесін білдіреді;                                          
  • ЕТҰ жетекшілік ететін шаруашылық-өндірістік қызметті бақылауды және мониторингілеуді, ҚМГ басқару органдарының (комитеттер, Басқарма, ДК) отырыстарында қарау үшін ЕТҰ қызметіне қатысты мәселелерді дайындауды жүзеге асырады;                                          
  • қазақстандық кадрларды дамыту және жергілікті қамту бойынша жоба операторы міндеттемелерінің орындалуына мониторингті, өзге де лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;                                     
  • ҚМГ басшылығы үшін, мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша Жоба бойынша ақпарат (анықтамалар, талдамалық жазбалар, баяндамалар, таныстырылымдар) дайындауды жүзеге асырады; Департаменттің іс қағаздарын жүргізеді






Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр