Қамтамасыз ету және қорлар департаменті материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бас менеджері

511200 - 511200 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
1887

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1)           Бөлімнің барлық қызметіне жетекшілік етеді, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, олардың өз міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды, Департаментті басқару құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;
2)           Бөлімнің басқару құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3)           Материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері бойынша Бөлімнің жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді;
4)           Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім мамандары орындауға міндетті нұсқауларды бақылайды және олардың орындалуын тексереді;
5)           Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді;
6)           «KEGOC» АҚ және жеткізушілер арасындағы шарттардың талаптарын орындау бойынша даулы мәселелерді қарауға қатысады;
7)           Бөлімнің өндірістік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
8)           «KEGOC» АҚ филиалдарының Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «КЕGОС» АҚ басшылығының тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
9)           бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ филиалдары мен АД құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетеді;
10)         филиалдар арасында жүктердің қозғалысы бойынша шығыстарды жоспарлау бойынша бақылауды жүзеге асырады;
11)         «KEGOC» АҚ Басқармасының, БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға материалдар дайындайды;
12)         осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген негізгі міндеттерге сүйене отырып, өзге де функцияларды орындайды;
13)         Тәуекел-менеджмент жүйесін ендіру және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;
14)         «KEGOC» АҚ қызметіне әсерін ескере отырып, Департаменттің бизнес-процестерінің тәуекелдерін сәйкестендіруге, талдауға, бағалауға және мониторингілеуге қатысады;
15)         негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
16)         негізгі тәуекелдерді басқару бойынша Жоспарларды, Бағдарламаларды орындауға қатысады;
17)         тәуекелдердің жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады және іске асырылған тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етеді;
18)         негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептемені жасайды;
19)         Тәуекелдерді басқару және корпоративтік даму департаментімен байланысты барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
20)         Р СУР KEGOC 00-200-14-СД «KEGOC» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесінің нұсқаулығына сәйкес Тәуекелдерді үйлестірушінің функцияларын орындайды.
 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:

  • Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау);
  • Компанияның қызмет саласына байланысты бейіндік нарықты білу;
  • Компания қызметінің логистикалық аспектілерін білу (сатып алу, қорлар, жинақтау, тасымалдау, кедендік ресімдеу, сақтандыру, бөлу, ақпараттық және қаржылық ағындар);
  • Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң ұстану).

 Талаптар

  • Электр энергетикасы/ экономика / құқықтану бағыты бойынша жоғары білім;
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, талдау, логистика, мониторинг және сатып алу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны дұрыс;
  • MS office тәжірибелі пайдаланушысы;
  • Интернет ресурстарын пайдалану;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу.

  

Түйіндемені қабылдау 2022 жылғы 25 шілдеге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Материально-техническое обеспечение
  • Материально-техническое снабжение
  • закупки

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)