Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
1691

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары гуманитарлық / техникалық / экономикалық / заңгерлік;
  • Лауазымның тиісті бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесі болуы (абзал).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 4 жыл.

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • 2 жылдан кем емес.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В-1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.):

  • Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі);
  • Intermediate (ағылшын).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексі; «Іс жүргізу және мұрағат дело. Терминдер мен анықтамалар» ҚРСТ 1037-2001; «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген құжаттармен жұмыс істеуге қатысты нормативтік актілер, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында іс жүргізу жөніндегі регламент, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мөрлерді, мөртабандарды және мөрлейтін құрылғыларды есепке алу, пайдалану, сақтау және жою бойынша жұмыс нұсқаулығы, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи технологияларды, есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу; іс қағаздарын жүргізу; құжаттарды жазудың іскерлік стилін білу; командада жұмыс істей білу; ауызша және жазбаша коммуникация, әдістемелік және басқа да құжаттармен жұмыс істей білу; құжаттауды ұйымдастыру және архив ісін жүргізе білу.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Күн сайын ерекше немесе жұмыс бақылауына қойылған құжаттардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады; орындалмаған бақылау құжаттары мен олардың орындау мерзімдері туралы ескертулер жібереді; апта сайын құрылымдық бөлімшелерге орындалу мерзімі ағымдағы аптаға келетін бақылау құжаттарының тізімін жібереді;
  • Атқарушылық тәртіпті талдауды жүзеге асырады, тоқсан сайын статистикалық есептерді қоса бере отырып, ҚМГ басшылығына орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы ақпарат дайындайды;
  • ҚМГ-нің, мемлекеттік органдардың және Қордың орындаушыларымен бақылау құжаттарының орындалу жағдайы бойынша консультациялық жұмыс жүргізеді;
  • Өз құзыреті аясында құжаттаумен және құжаттаманы басқарумен байланысты процестерді жетілдіру, ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын өзектендіру, электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ) жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; тапсырмаларды орындау барысында ҚМГ қызметкерлеріне практикалық көмек көрсетеді;
  • Сыртқы тұтынушылардың қанағаттануы бойынша теріс деректердің мониторингін, ҚМГ басшылығына және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тиісті ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады;
  • Басқарма бастығының, бас маманның өзге де тапсырмаларын орындайды; «Samruk Business Academy» ЖМ-мен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Қажетті қабілеттер

  • Способность систематизировать и обобщать информацию

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр