Атом энергетикасы басқармасының жетекші инженері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
1991

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Қызмет бағыты: энергоблок жабдығын іске қосу, пайдалану және жұмыс құжаттамасы мен монтаждау сапасын бақылау жөніндегі жетекші инженер.
Атом электр станцияларында энергоблок жабдықтарын монтаждау және іске қосу бөлігінде іске қосу, пайдалану және жұмыс құжаттамасын дайындау, құрылысты ұйымдастыру жобасын қарау және бекіту бойынша жоба алдындағы және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
  • Реакторлық жабдықты таңдауға қатысты АЭС жабдығын өндірушілер мен жеткізушілердің материалдары негізінде талдауды және қорытындылар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
  • Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттардағы өзгерістерді бақылайды;
  • Іске қосуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да әдістемелік материалдарға сәйкес жабдықтың барлық түрлерін баптау және сынау бөлігінде жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына техникалық талаптарды әзірлейді;
  • Қызмет бейіні бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық талаптарды дайындауды қамтамасыз етеді және сараптамалық қорытындыны ұсына отырып, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамасын бағалауға қатысады;
  • Іске қосу, пайдалану және жұмыс құжаттамасының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Реакторлық технологиялар шеңберінде отырыстарды дайындауға қатысады;
  • Пайдаланушы персоналға реттелетін жабдықты және жүйелерді пайдалану ережелері туралы нұсқау береді;
  • Қажетті анықтамаларды, талдамалық материалдарды, есептер мен презентацияларды дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттардағы өзгерістерді қадағалайды;

Талаптар:

  • Физика, ядролық реакторлар немесе атом энергетикасына ұқсас мамандықтар бойынша жоғары білім;
  • Атом энергетикасы саласында халықаралық сертификаттардың болуы қажет ;
  • Атом энергетикасы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Атом өнеркәсібіндегі, оның ішінде келесі бағыттардың бірін жобалаумен, салумен, пайдаланумен, техникалық қызмет көрсетумен немесе басқарумен айналысатын компаниялардағы жұмыс тәжірибесі: атом энергетикасы және/немесе зерттеу реакторлары және/немесе үдеткіш қондырғылары;
  • Аналитикалық материалдарды дайындау тәжірибесі;
  • АЭС құрылысы мәселелері бойынша мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәжірибесі (мемлекеттік органдар, Қор өкілдері және т.б.)
  • Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңдарын білу;
  • Іске қосу саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені, АЭС жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін, тағайындалуы мен жұмыс режимін және жабдықты техникалық пайдалану ережелерін, «Атом электр станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенттерін білу;
  • Атом электр станциясының құрылысын бастау үшін қосылуы тиіс МАГАТЭ қабылдаған халықаралық конвенцияларды, келісімдерді және хаттамаларды білу;
  • Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.

Қажетті қабілеттер

  • Идентификация и оценка рисков
  • эффективные коммуникации
  • Саморазвитие и самообучение
  • Продвижение перемен
  • - Управление проектами
  • - Работа в команде

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)