Өңірлік мемлекеттік органдармен, жұртшылықпен және бақылаушы органдармен қарым-қатынас жөніндегі Бас менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
2126

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:

  • Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру шеңберіндегі қосу-реттеу жұмыстары мен өндірістік операцияларға рұқсат алу стратегиясына, Қашаған кен орнын игеру бағдарламасы мен нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету жоспарына сәйкес «НКОК Н.В.» компаниясына қажетті рұқсаттардың, бекітулердің, жер бөлу рұқсаттары мен өндірістік лицензиялардың уақтылы және тиімді жолмен алынуын қамтамасыз ету үшін Компанияның рұқсат алу/бекітулер алу/нормативтік сәйкестікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуге жауапты болу. «НКОК Н.В.» компаниясында стратегиялар мен жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылау;
  • түрлі директораттармен тығыз өзара әрекеттесе отырып СКӨБК жобалары мен операцияларында Компанияның рұқсат алу және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша жалпы біріктірілген жоспарын басқаруға және жүзеге асыруға қатысты кемшіліктерді жою және нұсқау беру;
  • Компанияның тиісті саясатын белгілеу, жер ресурстарына және олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылуына бақылау жүргізу үшін жер бөлу мен активтерді тіркеу процестеріне қатысты жұмыстарды басқару бойынша нұсқау және бағыт-бағдар беру;
  • рұқсат алу және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздеме/жобалық-техникалық құжаттаманы жүзеге асыру, құрылыс және пайдалану жұмыстарына рұқсаттар әзірлеу, қолдану және бекітулер алу үшін келісімшарттарға тиімді жауапкершілік атқару;
  • бекітулер мен рұқсаттардың алынуын қамтамасыз ету үшін жергілікті жұртшылық пен жергілікті/өңірлік мемлекеттік органдар арасында НКОК-тың беделін арттыруға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру;
  • Қашаған жобасын тұрақты игеру және пайдалану үшін Атырау, Маңғыстау облыстарының және Мақат, Түпқараған аудандарының негізгі өңірлік/жергілікті мемлекеттік органдарымен нәтижелі және өзара тиімді қарым-қатынас орнату және жүргізу;
  • НКОК-тың бедел стратегиясымен және жұртшылықпен байланыс туралы бағдарламасымен сәйкестендірілген жергілікті органдармен өзара әрекеттесудің тиімді жоспарын әзірлеу мен жүзеге асырудағы кемшіліктерді жою;
  • орталық мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және коммуникациялар жөніндегі Бас менеджермен (және НКОК-тың өзге де бөлімдерімен бірге) бірлесе отырып, НКОК-тың Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жергілікті жұртшылық пен мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін қоғамдық шараларының өткізілуін қадағалау;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • жоғары білімі (техникалық, экономикалық, саяси ғылымдар, коммерция немесе іспеттес салада); мұнай және газ, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас саласында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс тәжірибесі;
  • ұқсас немесе жоғарырақ лауазымда бірнеше мекемеде жұмыс істеген тәжірибесі болғаны лазым;
  • мұнай-газ компаниялары/бизнес үшін стратегиялар және мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс орнатудың ірі ауқымды іс-шараларын/бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша расталған дағдылары;
  • расталған жетекшілік ету дағдылары, қажетті ұйым құру және жұмысын жүргізу, сондай-ақ топ мүшелерінің қажетті дағдылары мен біліктіліктерін дамыту қабілеті.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • стратегиялық, аналитикалық және коммерциялық ойлау және топта жұмыс істей білу қабілеті;
  • жетекшілік ету бойынша расталған дағдылары;
  • жақсы қарым-қатынас құру және бірнеше тілді ауызша және жазбаша білу - мемлекеттік тілді білуі міндетті;
  • сан алуан адамдармен жұмыс істеу және иерархиялық өкілетсіз ықпал ете алу қабілеті;
  • мәселелерді анықтау, құрылымдау және шешімін табу үшін тиісті тараптарға жеткізу қабілеті;
  • жергілікті жұртшылықпен нәтижелі қарым-қатынас орнату үшін үздік жеке қасиеттері;
  • НКОК қызметін, стратегиялық бағыттарын, қысқа мерзімді бастамаларын/жоспарларын және директорат аралық функционалдық міндеттерді нақты түсінуі және ұғынуы;
  • мұнай-газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың және мемлекет ішіндегі әртүрлі функционалдық бөлімшелердің қызметін түсіну;
  • мұнай мен газ өндіру саласына қатысты ережелер мен заңдарды түсіну;
  • мұнай-газ саласының анықтайтын факторларын, мақсаттары мен негізгі тәуекелдерін жақсы түсіну;
  • мұнай-газ операциялары мен жобасына қатысты техникалық емес тәуекелдер туралы жақсы түсінігі болуы тиіс.


Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)