Процестік басқару департаментінің автоматтандыру және цифрландыру жобаларын басқару жөніндегі бас менеджері
Лауазымдық міндеттері:
1) бизнес-процесті «сол қалпында» жобалайды және талдайды, бизнес-процесті «болуы тиіс» түрде әзірлейді, функционалдық бағыт бойынша нысаналы бизнес-процестерді енгізеді;
2) ПБЖ талаптарына сәйкес бизнес-процестерді басқару саласындағы ІНҚ-ні әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;
3) Компания қызметінің картасын және бизнес-процестер тізілімін әзірлеуге/жаңартуға қатысады;
4) жұмыс істеп тұрған бизнес-процестерді функционалдық бағыт бойынша талдайды және бизнестің тиімділігін оңтайландыру, жетілдіру, дамыту, арттыру үшін процестерді іріктейді;
5) функционалдық бағыт бойынша ПБЖ дамыту жобасына бастамашылық жасауға арналған өтінімдерді қалыптастырады;
6) функционалдық бағыт бойынша бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жұмыс жоспарын қалыптастырады;
7) жұмыс тобын құру, олардың жұмысын жоспарлау және ПБЖ бойынша мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс топтарының отырыстарын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) функционалдық бағыт бойынша, оның ішінде: бизнес-процестердің жетілу деңгейін тұрақты бағалау, бизнес-процестерді ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибелерді іздеу, процестік басқаруды оқыту есебінен ПБЖ-ның жұмыс істеуі мен дамуын қолдау;
9) функционалдық бағыт бойынша бизнес-процестерді автоматтандырудың бағдарламалық жасақтамасын таңдауға, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу;
10) процестерді модельдеу және регламенттеу саласында консультация береді және оқытуды жүзеге асырады;
11) бизнес-процестердің иелерімен, кураторларымен және негізгі пайдаланушыларымен өзара іс-қимыл жасайды;
12) функционалдық бағыт бойынша ҚПК тізілімін және ҚПК ағашын әзірлейді/жаңартады;
13) бизнес иесімен бірге ҚПК паспорты және метрикасын әзірлейді;
14) ҚПК орындалуына мониторингті, ауытқу себептерін талдауды және ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
15) функционалдық бағыт бойынша ҮӨМЖ-де процестердің модельдерін, оның ішінде рөлдердің, мақсаттардың сипаттамаларын, кіріс және шығыс құжаттарын, тәуекелдерді, қызмет көрсеткіштерін, процестердің ақпараттық жүйелерін әзірлейді, жаңартады;
16) функционалдық бағыт бойынша одан әрі дамыту үшін іске асырылған функционалдық көлем мен есепті нысандардың толықтығы мен бизнес-талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді;
17) функционалдық бағыт бойынша КААБЖ жұмыс істеуі және дамуы шеңберінде жүйені пысықтау / әзірлеу бойынша сұратуларға бастамашылық етеді;
18) функционалдық бағыт бойынша КААБЖ жұмыс істеуі және дамыту шеңберінде жүйені пысықтау/әзірлеу талаптарын қояды;
19) функционалдық бағыт бойынша КААБЖ жұмыс істеуі және дамуы шеңберінде жүйені пысықтау / әзірлеу / жаңарту нәтижелері бойынша жүйені тестілеуді өткізеді;
20) функционалдық бағыт бойынша КААБЖ дамыту кезеңінде техникалық және жобалық құжаттаманы (әзірлеу объектілерінің техникалық сипаттізімдерін (RICEFW), жүйенің конфигурациясын сипаттау жөніндегі құжаттаманы, тұжырымдамалық және жобалық шешімдерді) әзірлеуге және келісуге қатысады;
21) тиімділікті арттыруға, бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған оңтайландыру жобаларына (REVEX) қатысады;
22) функционалдық топпен бірлесіп оңтайландыру жобалары бойынша шешімдерді енгізуге техникалық сипаттізім/техникалық тапсырма әзірлейді;
23) ПБД қызметі шеңберінде тендерлік рәсімдерге, тендерлік құжаттаманы қалыптастыруға, оның ішінде ЭСАЖ-да құжаттарды қалыптастыруға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша сараптамалық қорытынды дайындауға, мердігер ұйыммен шарт жасасуға қатысады;
24) функционалдық бағыттар бойынша нәтижелердің уақтылы әзірленуін қамтамасыз етеді;
25) өз құзыреті шеңберінде техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеуге және келісуге қатысады;
26) жетекшілік ететін жобалар бойынша жоба нәтижесіне жұмыс сараптамасын жүргізуге қатысады;
27) жетекшілік ететін жобалардың нәтижесін және сапаға қойылатын талаптарды келісу рәсімдері бойынша барлық деңгейдегі коммуникацияларды жүзеге асырады;
28) соңғы пайдаланушыларды оқытуға, оның ішінде оқыту жөніндегі материалдарды дайындауға қатысады;
29) жетекшілік ететін жобалар бойынша жұмыстарды жедел жоспарлау кезінде, жұмыстардың орындалуы туралы мәртебе-есептерді ұсыну кезінде жоба басшысымен талқылауға қатысады;
30) өз құзыреті шеңберінде ПБД қызметіне кіретін мәселелер бойынша материалдар дайындайды және кеңестерге, семинарларға қатысады;
31) ISO 9001:2008 стандартына сәйкес келетін Компанияның сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды және дамытады;
32) бизнесте және операциялық процестерде жасанды интеллектті қолданудың жаңа мүмкіндіктерін айқындайды;
33) жасанды интеллекттің қолайлы технологиялары мен құралдарын іріктеуді жүзеге асырады;
34) қолданыстағы бизнес-процестерге жасанды интеллект технологияларын енгізу процесін ұйымдастырады;
35) Машиналық оқыту модельдерін оқыту үшін сапалы деректерге қол жеткізуді және оқыту процесін қамтамасыз етеді;
36) жасанды интеллектті енгізу жобаларын ұйымдастырады және басқарады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:
- арнайы кәсіби дағдылар:
- бизнес-процестерді модельдеуді жетілдіру бойынша бастамаларды анықтау және енгізу;
- қойылған бизнес-міндеттер негізінде әзірлеушілер үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу мүмкіндігі;
- арнайы білім;
- бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру ерекшеліктерін білу;
- SAP интеграциялық модульаралық өзара әрекеттесуін түсіну;
- SAP енгізу, сүйемелдеу және дамыту әдістемесін түсіну;
- SAP әдіснамасына және/немесе ішкі нормативтік құжаттарға, оның ішінде техникалық сипаттізімдерге (функционалдық талаптар бөлігінде), техникалық тапсырмаларға, тұжырымдамалық жобаға, жобалық шешімдерге сәйкес техно-жұмыс құжаттамасын әзірлеу және ресімдеу дағдылары;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
- жасанды интеллектті енгізу технологиялары мен құралдарын білу.
- кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа принциптерін қатаң сақтау).
Талаптар:
- Бизнес және басқару / ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша жоғары білім
- Ақпараттық технологиялар/ бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
- Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны дұрыс;
- MS Оffice, ARIS тәжірибелі қолданушысы;
- Қазақ, орыс, ағылшын (білгені дұрыс) тілдерін білу.
Қажетті қабілеттер
- SAP ERP
- 1. Моделирование бизнес процессов с помощью ARIS
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар