Өндірістік санитария және еңбек гиниенасы жөніндегі жетекші маманы
491000 - 491000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- кәсіпорындағы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын жоспарлы және жоспардан тыс аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
- кәсіпорынның өндірістік объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
- жұмыскерлерді мерзімді медициналық тексеру нәтижелері бойынша емдеу-сауықтыру іс-шараларының кешенін әзірлеу (персоналды, диспансерлік есепте тұрған тұлғаларды сауықтыру кестелерін, персоналды сауықтыру бағдарламаларын жасау);
- шешімдерді уақтылы қабылдау мақсатында, жұмыскерлердің денсаулық жағдайы бойынша деректерді талдау және өңдеу (есепті нысандарды жинау және өңдеу, статистика, аналитика, оның ішінде медициналық тексерулер жүргізу қорытындылары бойынша тәуекел тобын анықтау);
- кәсіпорында бекітілген кестелерге сәйкес міндетті мерзімді медициналық қараулардан (тексерулерден) өтуді бақылау;
- маусымдық ауруларды таратпауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ Бас санитарлық дәрігер қаулыларының талаптарын әзірлеу;
- кәсіпорынның өндірістік объектілерінде медициналық қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
- дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша кәсіпорын персоналын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру (парамедиктер);
- денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыру;
- денсаулық сақтау, аттестаттау, гигиена және санитария мәселелері бойынша инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау бойынша жауаптарды белгіленген мерзімде дайындау.
Біліктілік талаптары:
- жоғары медициналық білім;
- санитариялық-эпидемиологиялық саладағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы.
Білімі мен дағдылары:
- өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы санитарлық нормалар мен қағидаларды білу;
- ҚР Еңбек кодексін білу;
- міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидаларын білу;
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын білу;
- мемлекеттік тілді білу, мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалы Қандыағаш локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы
ТЧЭ-5 КАНДЫАГАШСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе облысы
11.12.2025 | 182
472862 - 496680
Автокөлік шаруашылығы. Санаты жоқ/ 2-санатты/ 1-санатты еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (№ 59-15-08э/3025 от 19.11.2025) - 1ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.12.2025 | 299
Главный специалист (по охране здоровья) Управления промышленной безопасности и охраны труда
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
05.12.2025 | 1917