Қаржы департаменті қазынашылық басқармасы өтімділікті басқару секторының бас маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білімі:
- Жоғарғы қаржылық білім. Тиісті жұмыс профилі бойынша магистр дәрежесінің болуы/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/т.б. (қалаулы).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі (мұнай-газ компанияларында).
Басқарушылық тәжірибесі:
- Басқарушылық тәжірибесі кемінде 2 жыл.
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
- В1 (қаз), Pre-Intermediate (англ.).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама;
- Мұнай-газ саласындағы заңнама;
- Қазақстан Республикасының банк ісі және валюта заңнамасын;
- Экономика және қаржы, бизнес-жоспарлау процестері саласында;
- Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары;
- ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздерін;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздікті;
- Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесін;
- Мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) білу қажет.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Талдау дағдыларының болуы;
- Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдылары;
- Шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- ҚМГ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кассалық жоспары шеңберінде ҚМГ үшін қаражат тапшылығын жабуды және қаржыландыруды тартуды жоспарлауды жүзеге асырады;
- ҚМГ рентабельдiлiгiн қамтамасыз ету және мiндеттемелерiн өтеу мақсатында ҚМГ уақытша бос ақшасын қаржы құралдарына инвестициялау және конверсиялық операцияларды жүргiзу процестерiн ұйымдастырады;
- ҚМГ шығындарын барынша азайту мақсатында мерзімі өткен дебиторлық/кредиторлық берешекті қайта құрылымдау шараларын әзірлейді;
- Төлемдер тізілімін келіседі және ҚМГ міндеттемелерін өтеу мақсатында төлемдерге рұқсат береді;
- ҚМГ компаниялар тобының кәсіпкерлік функцияларын трансформациялау бағдарламасын іске асыру мақсатында орталықтандырылған қазынашылық моделін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
- Бизнес-процестерді рәсімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін реттейтін ішкі ережелер мен әдістемелерді әзірлейді;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚМГ нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қарыздық қаржыландыруды қамтамасыз ету және ҚМГ кепіл мүлкін басқару үдерісіне мониторингті жүзеге асырады;
- Бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету мақсатында ҚМГ қаржы құралдарын танудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
- Төлем тәртібі мен деректемелерін тексеру мақсатында шарттарды келіседі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Рекрутер
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.01.2025 | 118
Инвестициялық талдау департаментінің жобаларды дамыту жөніндегі бас маманы
ТОО «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.01.2025 | 244
Экономика, қаржы және инвестициялар департаментінің бас маманы
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.01.2025 | 1999