Бериллий өндірісі, 4-6 разрядты аппаратшы (№ 51-01-22/924 от 21.02.2025) - 3 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
749

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

БӨ 4-разрядты аппаратшысы орындай білуі тиіс: - «Whiting» пешінде балқыту, СМЖ-3,5 пешінде қайта балқыту процесін жүргізу; - балқыту үшін материал дайындау; - берілген құрам бойынша шихта жасау; - материалдарды пештерге, реакторларға, бактарға беру және толтыру; - температураны бақылау; - технологиялық жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу; - ерітінділерді айдау. БӨ 5-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс: - пештерді балқытуға дайындау, пештерді іске қосу және тоқтату; - технологиялық процестерді жүргізудің ұтымды режимін қамтамасыз ету; - балқыту өнімдерінің, отқа төзімді материалдардың сапасын, жекелеген операцияларды жүргізу уақытын анықтау; - технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, оның техникалық жай-күйін бақылау; - сынама алуды жүргізу. БӨ 6-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс: - пештер мен қосалқы жабдықтарды басқару; - бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау деректері бойынша пештердің жұмыс режимін реттеу, айналым материалдарын қосу арқылы процестерді түзету; - балқытуға дайындығын анықтау; - жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу; - келесі ауысым үшін қалыпты жұмысты қамтамасыз ету; - шығарылатын өнімнің сапасын бақылау.

Білім:

жалпы орта және кәсіптік даярлықтан төмен емес

Дағдылар:

БӨ 4-разрядты аппаратшысы білуі тиіс: -қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тиеу-түсіру механизмдерінің және басқа жабдықтардың құрылысы; - ауа, газ, бу, су және басқа коммуникациялардың схемалары; - химия негіздері, балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттері; - балқыту өнімдеріндегі металды алуға және оның құрамына әсер ететін факторлар; - пештерді жөндеу технологиясы; - дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; - өндірістік процестердің технологиясы. БӨ 5-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша): - шихта компоненттері мен балқыту өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар; - технологиялық операциялардың химиялық реакциялары; - жұмыстағы ақауларды анықтау және жою әдістері; - пештерді іске қосу және тоқтату ережелері; - отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері; - пешке шихтаны тиеу кестесі, өндірістік процестің температуралық режимі; - өнімнің ақауының алдын алу тәсілдері; - дайын өнімнің құрамы мен қасиеттері. БӨ 6-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша): - қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктері; - құбырлар мен газ құбырларының схемалары; - технологиялық процестің барысына әсер ететін факторлар; - пештердің өнімділігі; - шикізат пен балқыту өнімдеріндегі металдың құрамын анықтау тәсілдері; - химия және металлургия негіздері; - дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар БӨ 4,5,6 разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ-да өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілерде қолданылатын талаптар; - жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері; - «ҮМЗ» АҚ қолданылатын менеджмент жүйесінің талаптары (МЖЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ); - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - ҚР еңбек заңнамасының негіздері; - Өндіріс экономикасы.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы: адам ағзасына қышқылдар мен сілтілердің зиянды әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары; адам ағзасына бериллий мен оның қосылыстарының өте зиянды әсерінен болатын 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс режимі және демалыс: жұмыс және демалыс тәртібі: аптасына 36 сағат және демалыс күндері сенбі және жексенбі немесе бекітілген ауысым кестесіне сәйкес Еңбек ақы мөлшері: 4 разряд 141 372 теңгеден бастап 293 149 теңгеге дейін; 5 разряд 155 509 теңгеден бастап 322 464 теңгеге дейін; 6 разряд 178 836 теңгеден бастап 312 785 теңгеге дейін.

Білетін тілдер:

-