Кабельдік қалдықтар мен телекоммуникацияның тозған құралдарын сату бөлімі бастығы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
576

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Кабельдік қалдықтарды, байланыс кабельдерін және телекоммуникацияның тозған құралдарын жою/сату/утилизациялау бөлімі жұмысының координациясы.
Телекоммуникацияның тозған құралдарын жою, сату және кейінгі утилизациялау кестесін жасау және бекіту бойынша бақылау. Сатуға шығарылған байланыс кабельдері мен кабельдік қалдықтарды сату мақсатында қажетті құжаттаманы жинау, қалыптастыру бойынша бақылау. Тозған кабельдік қалдықтар үшін тәуелсіз бағалау қызметтерін сатып алу және байланыс кабельдерін жою бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қызметтері бойынша бақылау.
Тозған кабельдік қалдықтар мен байланыс кабельдерін сату бойынша аукциондарды өткізу бойынша бақылау.
Телекоммуникацияның тозған құралдарын, байланыс кабельдерін, кабельдік қалдықтарды сату бойынша келісім-шарттардың орындалуын бақылау.
Бөлім қызметкерлерінің режимдік талаптарды, технологиялық және еңбек тәртібін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін сақтау және орындау.
Бөлімнің есептік – есеп беру құжаттамасын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарында баяндалған талаптарды орындау бойынша жұмыстарды бақылау.
Бюджет баптары мен сатып алу жоспарының орындалуын бақылау.
Бөлімнің құзыреті шеңберінде сатып алу келісім-шарттары бойынша бақылау және орындау, төлем мерзімдері мен тауарды (қызметтерді, жұмыстарды) жеткізу мерзімдерін сақтауын бақылау.
Бөлімнің қызметіне бақылау және жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету. Бөлім қызметкерлерінің ДТК мен «Қазақтелеком» АҚ-да шығарылған бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. бойынша тапсырмаларды уақтылы орындауын қамтамасыз ету.
Басшылықпен белгіленген мерзімділікпен есептерді қалыптастыру және уақтылы ұсыну бойынша бақылау және қатысу.
Кабельдік қалдықтарды, байланыс кабельдерін және телекоммуникацияның тозған құралдарын жою/сату/утилизациялау ұйымын жақсарту бойынша қоғам стандарттарын әзірлеу және енгізуге қатысу.
Бөлімнің тиісті қызмет бағыттары бойынша әртүрлі жиналыстарға қатысу.


Талаптар:

-Жоғары техникалық/экономикалық білім
-Телекоммуникация саласында немесе мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
-Мыс құрамындағы кабельдің технологиялық құрылымын білу
-Кабельдің құрамын және бағалы металдардың (мыс немесе алюминий) құрамын бағалау, қалдықтың құнын дұрыс бағалау үшін. Телекоммуникация құралдарын экологиялық қауіпсіз утилизациялау әдістерін түсіну - Microsoft Word, Microsoft Excel, Internet Explorer сияқты жұмыс үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар
-Лауазымды атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік тіл білу