Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің менеджері
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Филиалдардың, Орталық аппараттың, Қоғамның еншілес ұйымдарының ай сайынғы, тоқсандық және жылдық қаржылық есептілігін қабылдау және тексеру;
- Консолидирленген есептілікті қалыптастыру үшін BW SAP модулінде есептілікті тексеру және қабылдау;
- Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қоғамның ай сайынғы, тоқсандық және жылдық консолидирленген қаржылық есептілігін дайындауға қатысу;
- «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік регламенті шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның SAP BPC жүйесіне орналастыру мақсатында консолидирленген қаржылық есептіліктің тоқсандық пакетін (58 форма) қалыптастыруға қатысу;
- Қаржылық есептіліктің аудиттік процедураларына қатысу (жартыжылдық, 9 ай, жылдық), сыртқы аудиторларға деректерді дайындау, аудит бойынша келісімшарт шеңберінде орыс және ағылшын тілдерінде аудиттелген қаржылық есептіліктің жобасын құрастыру;
- Жоғары тұрған органдардың, Қоғамның басқа департаменттерінің, сыртқы ұйымдардың сұраулары бойынша ақпарат дайындау және оны талдау;
- Қоғамның филиалдарында, еншілес және тәуелді ұйымдарында бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
- Жауапты бағдарламашылармен бірге интеграцияланған SAP жүйесінде есептілік формаларын әзірлеуге қатысу;
- Қоғамның филиалдарына құзырет шеңберінде консультациялық көмек көрсету.
Талаптар:
- Жоғары бухгалтерлік /экономикалық/ білім. Артықшылық: кәсіби сертификаттардың болуы;
- Бухгалтерлік/қаржылық есеп саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- ACCA кәсіби сертификаттау емтихандарын сәтті тапсыруға дайындық;
- Коммуникабельділік, креативті ойлау, проблемаларды шешу қабілеті, жоғары сапа стандарттарын анықтау және жұмыс орындау, мақсаттарға жетуге бағытталу.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
- Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақытында жалақы;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Қаржы директоры
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
03.12.2025 | 335
Инсталляция және ағымдағы даму учаскесінің бастығы, Павлодар қаласы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
04.12.2025 | 58
Цифрлық шешімдер департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.12.2025 | 421