Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер (ЕҚҚ)
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
Қоғам филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінде еңбек жағдайларын қауіпсіз және сау қалыптастыруға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу мен орындауға қатысты ішкі бақылауды жүзеге асыру;
-
Филиал қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өндірістік санитария салаларындағы Қоғамның нормативтік құқықтық актілерінің және ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауын бақылау;
-
Ұжымдық шартқа сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
-
Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізуге қатысу;
-
Қызметкерлердің Қоғамның қолданыстағы талаптарына сәйкес мерзімді медициналық тексеруден өтуін бақылау;
-
Жаңа қабылданатын және уақытша жұмысшыларға, іссапарға жіберілген тұлғаларға, өндірістік оқыту немесе практикадан өту үшін келген оқушылар мен студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізу;
-
Қоғам филиалдарының құрылымдық бөлімшелеріне нұсқамалар ұйымдастыру, қызметкерлерді оқыту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі салаларында білімдерін тексеру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
-
SAP жүйесінде жоспарлау жүргізу, сатып алу рәсімдерін өткізу және шарттардың орындалуын мониторингтеу.
Талаптар:
-
Сәйкес бағыт бойынша жоғары білім;
-
Телекоммуникация саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі салаларындағы Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білу;
-
SAP жүйесінде жұмыс тәжірибесі. (күмән)
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақтылы жалақы;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек.
Ұқсас вакансиялар