«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» аймақтық жолаушылар тасымалы филиалының пайдалану бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жолаушылар ағынының ұлғаюы/төмендеуі, тасымалдардың маусымдылығы, қолданыстағы жолаушылар вагондары паркінің және вагондар санаты бөлінісінде жолаушылар пойыздарындағы орындардың қажеттілігі кезінде жылжымалы құрамды пайдалану және жөндеу бөлімімен, филиалдың ҰҚҚ және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, жолаушылар пойыздарын қалыптастыру схемаларын оңтайландыру бойынша филиал учаскелерімен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру;
- жоспарлы-экономикалық бөліммен, филиал мен қоғамның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен, филиал учаскелерімен бірлесіп, жолаушылар поездарының қолданыстағы маршруттарына талдау жүргізуді ұйымдастыру, поездардың жүру маршруттарын өзгерту (қысқарту немесе ұзарту), филиал қалыптастыратын жолаушылар поездарының жаңа басым маршруттарын, неғұрлым талап етілетін маршруттар бойынша мемлекетішілік және халықаралық қатынастарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
- филиалдың жылжымалы құрамын пайдалану және жөндеу бөлімімен, филиал учаскелерімен бірлесіп, Балаларды балалар сауықтыру орталықтарына тасымалдау үшін, жолаушылардың ұйымдастырылған топтарын, филиал шегінде туристік поездарды тасымалдау үшін біржолғы мақсаттағы поездардың жүруін бақылау.
- поездық бригадалармен жұмыс және жолаушыларға қызмет көрсету секторымен, филиал учаскелерімен бірлесіп, жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін орындау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге қатысу, филиал учаскелері басшыларының филиал шегінде жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін бұзу себептерін жою және алдын алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстарды қамтамасыз етуін бақылау;
- жолаушылар поездарының қозғалыс кестесінің орындалуын есепке алуды және талдауды, филиал учаскелері басшыларының жергілікті жерлерде шаралар қабылдауын ұйымдастыру және белгіленген тәртіппен филиал директорына жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін сөзсіз сақтау, жолаушылар поездарының қалыптастыру, айналым, жүру пункттерінен жөнелту бойынша, сондай-ақ филиал шегіндегі мемлекетаралық түйісу пункттерінде кідіріс жағдайларын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- жолаушыларды, багажды, поштаны тасымалдауды ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу; жолаушылар поездарын, тіркемелі және ауыспайтын вагондарды айналымнан тағайындау/жою, жаңа жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін әзірлеу, филиал шегінде жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін орындау бойынша;
- филиал басшылығына Бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу.
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Көлік құрылысы; Көліктегі Логистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр