«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Күрделі құрылыс қызметі Жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау тобының 2 санатты инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
98

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Күрделі құрылыс қызметі Жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау тобының 2 санатты инженері»

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі;
  • жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды;
  • мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс және қабылдау комиссиялары мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады;
  • құрылыс басталар алдында құрылыс аумағын тексеру бойынша жұмыс комиссиясының құрамында жұмыс істейді;
  • күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
  • объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылайды.

Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары білім/ жоғары оқу орнынан кейінгі

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы, құрылыс, телекоммуникация

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Құрылыс, электр-энергетика, телекоммуникация саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

3 жылдан кем емес

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

-          

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• Электрқауіпсіздік бойынша біліктілік тобы – II-топтан төмен емес;

* Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін білу. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары. Энергетикалық кәсіпорындар, еңбекті қорғау үшін өрт қауіпсіздігі ережелері.

* Өндіріс технологиясының негіздерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәсілдерін; құрылыспен аяқталған объектілерді қабылдау тәртібін және олардың сапасын бақылау әдістерін; жобалау-сметалық, РДС және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін білу;

* Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

* Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);ына сәйкес қажетті көлемде) білу;

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

* Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft office Outlook, IBM Notes, SAP тәжірибелі пайдаланушысы, кеңсе периферияларын пайдалану қабілетіне ие, интернет ресурстарын пайдалану дағдыларына ие

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 

Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 

Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 04 наурызға дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Бастапқы)