«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Инфрақұрылымды пайдалану департаментінің директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
36

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» (50–1000 МВт) инфрақұрылымының тәулік бойы (24/7/365) үздіксіз пайдаланылуын ұйымдастыру;
  • Пайдалану қызметіне басшылық жасау: команданы қалыптастыру, жауапкершілік аймақтарын бөлу, регламенттер мен операциялық рәсімдерді (SOP / MOP / EOP) әзірлеу;
  • Кезекші ауысымдар жүйесін ұйымдастыру, барлық инженерлік жүйелердің үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету;
  • EPC-мердігерлерден жаңа объектілерді қабылдауға қатысу, функционалдық сынақтарды (FAT/SAT) жүргізу;
  • Жұмыс істеп тұрған объектілерді тоқтатпай, инфрақұрылымды 50 МВт-тан 1000 МВт-қа дейін кезең-кезеңімен кеңейтуді ұйымдастыру;
  • Жаңа технологиялар мен тиімділік стандарттарын енгізу: PUE көрсеткішін төмендету, WUE көрсеткішін оңтайландыру, көміртегі ізін бақылау жүйесін енгізу;
  • Электрмен жабдықтау, техникалық шарттар және электр энергиясын есепке алу мәселелері бойынша KEGOC және энергия беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қолжетімділік көрсеткіштері, PUE және SLA талаптарының орындалуы бойынша «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС қатысушыларына және ДӨО операторлары болып табылатын клиенттерге есептілік ұсыну.

Талаптар:

  • «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық технологиялар» немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары техникалық білім;
  • Master of Engineering, MBA немесе Executive MBA дәрежесінің болуы құпталады;
  • Сындарлы инфрақұрылым объектілерін (энергетика, телекоммуникациялар, ДӨО, өнеркәсіптік объектілер) пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Басшылық лауазымдарда (Chief Engineer, Operations Director, Head of Facility Management, Director of Data Center Operations) кемінде 7 жыл басқарушылық тәжірибе;
  • Қуаты 10 МВт және одан жоғары объектілерді (ДӨО, электр станциялары, қосалқы станциялар, өнеркәсіптік кешендер) пайдалану қызметін ұйымдастыру және басқару бойынша табысты тәжірибе;
  • Үздіксіз қоректендіру жүйелерімен (DRUPS / UPS), дизельдік генераторлармен, 35–110 кВ трансформаторлық қосалқы станциялармен жұмыс тәжірибесі;
  • Ірі объектілерді пайдалануға беру (commissioning) және олардың тәулік бойы жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету тәжірибесі;
  • DCIM (Data Center Infrastructure Management) және BMS (Building Management System) жүйелерін енгізу бойынша практикалық тәжірибе;
  • Басым бағыттар: деректерді өңдеу орталықтары, гиперскейлерлер, электр энергетикасы, мұнай-газ саласы, телекоммуникациялар;
  • Электр желілеріне қосылу және техникалық шарттарды сақтау мәселелері бойынша KEGOC, энергия беру ұйымдары және реттеуші органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру (мемлекеттік органдармен және мердігерлермен жұмыс тілі);
  • Ағылшын тілін Upper-Intermediate (B2) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру (Schneider Electric, Vertiv, HITEC, ABB, Eaton және басқа да жабдық жеткізушілерінің техникалық құжаттамасымен жұмыс істеу үшін).

Кәсіби құзыреттер мен білім:

  • ДӨО электрмен жабдықтау жүйелерін терең білу: DRUPS, UPS, ДГУ, АВР, трансформаторлық қосалқы станциялар, 2N және N+1 қоректендіру схемалары;
  • Салқындату жүйелерін білу: дәлдік кондиционерлері (CRAC/CRAH), чиллерлер, еркін салқындату (free cooling) жүйелері, сұйықтықпен салқындату;
  • Tier I–IV (Uptime Institute), ASHRAE TC 9.9, EN 50600 стандарттарын, PUE көрсеткіштерін және оларды оңтайландыру әдістемелерін білу;
  • Өрт қауіпсіздігі жүйелерін (NOVEC/FM200 газбен өрт сөндіру), кіруді бақылау және басқару жүйелерін (СКУД), бейнебақылау және күзет жүйелерін білу;
  • Жоспарлы алдын алу техникалық қызмет көрсету (ППО/PPM) бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • SLA / SLO көрсеткіштерін басқару;
  • Апаттық жағдайларды басқару (Incident Management), апаттан кейін қалпына келтіру жоспарларын (DRP / BCP) әзірлеу тәжірибесі;
  • Техникалық қызмет көрсету бойынша мердігер ұйымдарды басқару, KPI көрсеткіштерін және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау.

Еңбек жағдайлары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақының уақытылы төленуі;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)